ВЕРНУТЬСЯ

Елім,Еркелігімді көтерер,Өзіңдей дархан қайда бар?Перзенттік парыз өтелер,Тек сонда жаным жай табар. Жерім,Байтақтығыңа бас иіп,Сай  тоқтығыңа жылаймын.Өлеңмен  алдыңа ас үйіп,Төсіңе тізерлеп құлаймын. Қазағым,Айдалып, көшіп тегіннен,Тартқансың тағдыр залалын.Ертеңің үшін егілме,Ұрпағың табар  амалын. Алматы,Өз көркіне өзі мастана,Маңайын ұрмас бас қала.Құшағыңнан итерме,Бермесең де баспана.