ВЕРНУТЬСЯ

Ақындық менің не теңім?Сезімнің салған салмағын.Жетім жыр қайда мекенің?Жүректен шыққан ардағым. Ақындық менің не теңім?Бұйырдың өлең сен қайдан?Өлмеуің үшін не етемін?Бейхабар емес ел жайдан... Дегенмен үнсіз қалың ел,Түрі ме екен сынаған?Жыр арнап талай жанып ем,Сәттерді тығып құлаған. Ақындық менің не теңім?Жылауық жырға берілдім.Мұңыммен қайда жетемін?Қайғысы аз ба елімнің?! Жауапсыз қалып мың сұрақ,Өмірден тез-ақ кетемін.Бір сұрақ қалар шымшылап,Ақындық менің не теңім?!              ***Бос ойлар ғана мандыған,Жарымай жырға қанжығам.Үйім де, көңіл күйім жоқ,Тірлігім құрсын қаңғыған. Ақсақал қыстың туы тік,Аязы айна суытып.Мен болсам тоңбай өліктей,Арманым алыс жылытып. Шабытым қысып көшеде,Жазылмай өлең нешеме?!Көшпенді қазақ қызымын,Мың алғыс бабам, шешеме. Жалғыздық шіркін, басынып,Дегендей кетер тасынып.Ешкімнің менде ісі жоқ,Өлсем де бүгін асылып. Ақындар болса аһ ұрып,Жырына таппай тақырып.Кездесіп қалса жиында,Өтірік күлген шақырып. Алматы кеші көрікті –Ақпанның мұзын ерітті.Ақын қыз – тағдыр қатесі,Сүюге ғана ерікті.                   ***Тілім бар ғой, несіне тартынамын?Абай сөйлеп, Мұқаңдар сырын ашқан.Жерлік бақтың бәрін де арынамын,Маған қарап тұрса да қырын аспан. Елім бар ғой, несіне жаутаңдаймын?Жартасы боп қалмаспын жылаулардың.Тәтті сөзін менсінем қай таңдайдың?Жыр-дастанын жаттасам жыраулардың. Жерім бар ғой, несіне тентіреймін?Сиғызатын миллиардты арқасына.Шекарасын кеңдіктің мен тіреймін,Еркіндік боп маралы, марқасына. Алматым бар жыласам, бір жылайтын,Жаңбырымен қуғылап мұң дегенді.Кейде тұман көрінбей ұрғылайтын,Салым кетіп, басқанда құм денемді. Жар саламын өлеңнің тоқпағымен,Жұлдызы боп жарқырап жер кешінің.Тәй-тәй басқан тәңірдің соқпағымен,Қазақ деген халықтың еркесімін.