ВЕРНУТЬСЯ

.... Олай болса, кел сезімді жерлейікНесі қалды өлмеген?Көрін қазып, топырақ сап терлейікЖарай қоймас, көмбеген. Сағыныш пен бақытты да жерлейікТоз-тоз болған үмітті.Дымсыз қалып, сөйтіп біздер ерлейік,Бізге кімдер күліпті?! Құрылмаған шаңырақты жығайық,Тәңір төнбес елжіреп.Екеуміз де тәуелсіз боп шығайық,Тезірек!!!                   ***Төлегендей  ғашық  болмай кетесіз,Тіршілікті қимай-қимай аттана.Қыз Жібектей сүйем десем нетесіз?Көзім нұрлы, ал шаштарым қап-қара. Төлегендей  тәнті еткен едіңіз,Тамылжыған тамыздың бір кешінде.Ен далаға не бақ іздеп келдіңіз,Тәңір тәтті тілегімді кешірме. Дүниеге тек сіз үшін  келдім мен,Деп  жүргенде мұнда біз.Сағыныштан шөліркеген ерніммен, Жыр оқысам тыңдаңыз. Қыз Жібек мұң тұнып қалған жанарым,Қарт Каспийдің жағасынан ынтығып.Сізге өлердей ғашық болып барамын,Қасіретім- қара өлең боп бұлқынып.                ***  Сенсіз өткізген күндерде,Күлкі жоқ.Мақпалдай кештер де, гүлдер де,Сұрқы жоқ,Төнеді түрпі бопТүндер де.  Өлеңнің жазылған әні көп,Мәні жоқ арасы.Өмірге бас ұрған тәнімде отСөнгендей,Қалтырап әлім жоқ,Сезінер онымды халің жоқШамасы. Мен үшін келмедің тірлікке,Кеттің де, тіл таппай пендемен сүрліккен...Жаратқан ғұмырды аздағанБірлесіп кешуге жазбаған. Таңдарды қарсы алам ермекпен,Жағада жапырақ жинаумен,Жанымды жазықсыз қинаумен,Күн кешіп сені бір көрмекке.                   ***Барар едім, өмірді өртеп көргісіз,Хат жазар ем, мекен-жайың белгісіз.Ән салар ем, тәңір дауыс бермеген,Жыр оқимын, тұла бойды кернеген. Жайланар ем, жаным десең жан еркем,Аймалар ем, күнмен бірге таңертең.Терезеде  қырау болам қысқы  кеш,Ерітетін екі демнің ұшқыны. Барар едім итке тастап тірлікті,Мұңымды орап сәнін бұзған шырқымның.Табар ма едім шарлап шықсам құрлықты?Тым болмаса бір сынығын күлкіңнің. Елесіңді құшып тұрып қалғанмын,Нұр бейнеңе есімді алған тоймаумен.Ұмытам деп тырысқанмен,  алғанмынКөз шырымын сені ғана ойлаумен.                     ***Көрсем деген бір-ақ тілек бар менде,Құмарлық та, құштарлық та әрменде.Неге екенін кім білген?Қасіретіме қанып болған түн білген,Одан басқа кім білген? Көрсем деген бір-ақ тілек көкейде,Маған әлде басқа армандар бөтен бе?Сонда осылай өтем бе?Оны сәрі кім білер?Мұңым миды сүңгілер. Көрсем болды, ол бақытқа бергісіз,Не болары белгісіз,Әлде, бәлкім, көрінбейсіз енді сіз?Қайдан іздеп табамын,Кім айтады жауабын?!!                    ***Тәңіріме бір сыйынып алам да,Мен ақыры жолға шығам азанда.Сөйтіп сарсаң тірлігімнен қол үзем,Соңғы өлеңнің соңғы жолын жазам да. Мұңым қалар мазаңды алған қаншама,Менсіз келер таңдарыңнан шаршама.Күлкім  күміс қытықтаса түндерде,Менің нәзік келбетімді аңсама. Сағынышың сәлден соң-ақ тұншығар,Жасың аққан – жазылмаған жыр шығар?!Бейкүнә арман күнәға мың малынған,Үзік-үзік үміт іште қыңсылар. Тәңіріме бір сыйынып алам да,Мен кетемін, сен қаласың санамда.Бір қанаты сынған құстай ұша алмай,Енді менсіз күн кешесің ғаламда.            ***Басымнан ақылым,Алыстап ақырынСүріндім сан рет.Шет қалды әмірің,Жаратқан тәңірім,Сабырлым, сабыр ет. Талқандап ұямды,Жолдас қып қиялдыІздедім қайдағы бақытты?Өтірік жыладым,Өкіріп құладымӨткізіп жастықтай жақұтты. Сүйем деп сандалдым,Сезімдей жалғанныңСатарын сезінбей ақымақ.Өлең деп тағдырым,Жазардай сан жырын,Жалғыз мен ақын-ақ. Шыдамсыз қалғанмын,Жүрек бос алдандым,Жанымды жұрдай қып тән-ұрым.Алдаған сәтімді,Сезімтал затымдыКеш мені, кеше көр, Тәңірім!