ВЕРНУТЬСЯ

Туған жер!Топырағыңнан жаралдым,Ерте көктем бәйшешегің бола алдым.Адыр—бұдыр сай-төбеңде еркелеп,Жынды желге тоналдым. Туған жер!Сен едің үміт  артқан көп,Тауқыметіңді   тартқам жоқ.Төсіңде сенің бабамның ізі қаңғырған,Анамның сөзі жаңғырған. Айналайын киелім!Жер бетінде саған тұрақ тең бе екен?Әлде,Туған жерің – жұмақ  жер ме екен?!Саған асқан сағынышты баса алманПарызымнан қаша алман.Туған жер!Топырағыңнан жаралдым,Кіп—кішкене ақын қызың бола алдым.Құпиясын құм жасырған қойныңда,Сағымдармен жоғалдым. Туған жер!Айныма осы қалпыңнан,Жусаның жұпар мен үшін артық алтыннан!Махаббат мендік өзіңе мәңгі өлмейді,Алса да тағдыр алқымнан.Туған жер!