ВЕРНУТЬСЯ

       Бақыт бар дейді
ол жерде,

Ол қай мекен?

Бақыт жырын бұлбұлдар
толғай ма екен?

Бақыт шын-ақ
алдынан күтер болса,

Тұлпар мініп Тұманбай бармай ма екен?

Көктемімді
сағындым құс үні бар,

Жапа шеккен
жанымды түсініп ал.

Әупілдеген
иттерді ұқпағанмен,

Көңіл берді
Жаратқан кісіні ұғар.

Бір қарыс па
ырысым, екі елі ме,

Жарасады
шекпендер шекеліге.

Қуанады көріссе
әлдекімдер

Дүниеде менің
бар екеніме.

Бармын, достар,
дүниеде жүрмін тірі,

Тірі жүрген мен
дағы көптің бірі.

Жер бетімен
жетектеп келе жатыр

Қамқорына ап қазақтың бір кемпірі.