ВЕРНУТЬСЯ

       Балалығым
болмады,

балалықты

Үрейге толып тұрған дала жұтты.

Майданда өлді
бақытсыз сол балалық,

Найзағайдай қақ
жарып қара бұлтты.

Балалығым
болмады,

қойға еріп мен

Жүре бердім,
басталмай той да біткен.

Өзенге де өпке
айттым өрепкіген,

Тауларға да
қарадым ойланып мен.

Балалығым
болмады,

бұлақтардан

Бауырларым
жайында сұрап қалғам.

Көкірегімнен
таңертең оянып ап,

Жеткізбей бір
жөнелді шуақты арман.

Балалығым
болмады,

сол балалық

Тұманбайда болмады,

болмады анық.

Туған жерге
әкесі оралмай ма,

Соғыс бітті, жүр
екен жолда не ғып.

Балалығым
болмады,

таяқ ұстап,

Іле бойын сол
жолы қалдым қыстап.

Қабақты да қара
күн аштырмайды,

Тамақты да
ішпедім мен дұрыстап.

Балалығым
болмады,

аттап оны,

Алматыға шақырды
бақ вагоны.

Жігіттіктің
үйіне кірдім бірден,

Жылтты оның жанымды
отты әуені.

Балалығым
болмады,

балалығым

Иіскеп тұрды жастықтың жаңа гүлін.

Жігіттікке жол
бірден алып келді,

Арқалатып тау мұңын, дала мұңын.