ВЕРНУТЬСЯ

      Бір басыма мың
түрлі ой келеді,

Мен жайында көп
сөздер сөйленеді.

Жаналғыштың
қасыма өзі келіп,

Алып кетіп
қалады кейде мені.

Соныменен мен
өзім жоқ боламын,

Жанбай жатып
өшеді көп талабым.

Қайдан болсын
жол тауып, Құлтайжан-ау,

Мен қасыңа
ғайыптан кеп қаламын.

Әңгімелер
бастаймын әндей әсем,

Аз сияқты әлемде
мендей көсем.

Той жасайсың
ауылды жинап алып,

Жүргенімнің
өзіне аман-есен.

Тіріміз деп
соған да қуанамыз,

Біз жайында
әртүрлі туады аңыз.

Көріспеген
жандардай талай жылдар,

Бірімізді
біріміз құп аламыз.

Сынайтындай
кейде бір өмір шыңдап,

Тірлігіммен
келемін соны шыңдап.

Өлім деген
кірмейді санама да,

Қай жерлерде
жүрмейді қиялшыл қарт.