ВЕРНУТЬСЯ

     Бір өзі билеп
ауаны,

Шалқадан түсіп
жатыр ай.

Бір өзі билер
даланы,

Қайдасың, жас
күн, апыр-ай?!

Бұтағынан үзілген

Жапырағындай алмұрттың,

Кештің бе сырғып
жүзімнен,

Алаулы жалын
албырт күн?

Бардың сен
жауған оққа да,

Бардың сен
жауған отқа да.

Палуандай белді
буып ап,

Түстің сен жиын,
топқа да.

Құп болып барлық айтқаның,

Естің сен қызыл
желдей боп.

Алған бір беттен
қайтпадың,

Тасыған мұзды селдей боп.

Бір өзі билеп
ауаны,

Шалқадан түсіп
жатыр ай.

Бір өзі билер
даланы,

Қайдасың, жас
күн, апыр-ай?!