ВЕРНУТЬСЯ

Бір өзіңді теңедім,Сүйдіретін Гүлге мен.Сенен басқа неге бұл,Сұлу барын білмегем.Бір өзіңді теңедім,Күйдіретін Күнге мен.Сенен басқа неге бұл,Жылу барын білмегем.Бал күлкіңе теңедім,Ләззатын жер көктің.Сенен басқа неге бұлШаттық барын көрмеппін.Алданыппын бекерге,Деген ойлар жалғасты...Бірақ теңеу жетер меМахаббатқа алғашқы.             ***Еріктен тыс, еріктен,Қарай берем класта.Мен өзіңе неліктенҒашықтығым рас па?Түсінбеймін өзім де,Ынтығамын неге тым?Үзілістің кезінде,Бірге тұрғым келетін.Алма бетің жанады,Ерітеді тәнді не.Сахнада саласың,Тамылжытып әнді де.Мүмкін мені баураған,Сол әдемі ән бе еді?Қос бұлақтан аумаған,Бұрымың да сәнді еді.Қылығың да сәнді еді,Есімің де Сәнді еді.Қыз Жібексің аумаған,Талай естен танар ма.Мүмкін мені баураған,Оты мол қос жанар ма?Арман қуып аңсаған,Нұр сәулеге бөленем...Өкінішім-мен сағанБола алмадым Төлеген.             ***Сол тойда,Кездестім алғашқы рет.Тәтті ойымның сен кеттің жалғасы боп.Пікіріміз, сөзіміз сәйкес келіп,Жүректің қыл пернесін дәл басып ек.Іште тұнып айтылмай көп арманым,Іздедім.Сол кештен соң көре алмадым.Кеткен ұщып суықтан жылы жаққа,Жыл құсындай қайтадан оралмадың...                ***Армансың сен, армансың,Айсың маған көктегі.Алғансың сен, алғансың,Асылым боп тек менің.Қайтем, жүрек ынтығып,Қайтем, көңіл ауса егер.Қара көзге нұр тұнып,Шыдамымды тауса бер.Илансаң да өзің біл,Иланбасаң өзің біл.Иманымдай сөзім бұл,Менде азғана төзім жұр.             ***Түсінсең-ау:Сені құрбым көгімдегі Күн етем.Сені құрбым, көңілімдегі Гүл етем.Ех, дариға, соны ғана білсем-ау,Жүрегіңде тулап жүрген кім екен?Кездескендер ақ пейілді болса адам,Жүректерге мен достықтан жол салам.Кім болса да бақытты ғой сол жігіт,Елес берген өмірің боп ол саған.                          ***Жүрші, біраз қыдырыайық, қалқашым,Саған деген сағынышым тарқасын.Мен қасыңда келе жатқан жоқпын ба,Неден жаным, қорқасың?Мен сен үшін шыға аламын майданға,Мен сені іздеп таба аламын қайдан да.«Сүйем деші...»Ұяласың сен неден,Аспандағы айдан ба?Тұрсың қазір малынып кеп арайға,Тек өтінем, ұялмашы, жарай ма?Тек өтінем, қиялдашы, жарай ма?Зерлі аспанда жымыңдаған жұлдыздар,Куә болған талайға.                      ***Қиялымды қиырларға самғатып,Ой-толқынға сан шығамын, сан батып.Менің үшін томсарғаның қайғым да.Менің үшін күлгенің де бар бақыт.Еркім болса аласұрған мына мен,Сені құшып, тыншыр едім, тынар ем...Неткен жан ең баурарлықтай сезімді,Қарап едім. Жанарыңда тұр әлем.                              ***Мына жанар тылсым ғой, жанар емес, япыр-ау,Көріп тұрып күрсінбей болар емес, япыр-ау.Төңкерілген қос күмбез сиқырлаған өзіне,Төсіңдегі қос анар, анар емес, япыр-ау.Дұрыстығын тек қана айтыңдаршы, ағайын,Жанып тұрған бұл қызға қандай теңеу табайын.Онсыз менің көңілім құлазыған құмды өлке,Онсыз менің көгімде күлімдеген жоқ Айым.                      ***Көкірегімді кернетіп күйге керім,Есімде тек ес-түссіз билегенім.Ынтыққаным, бірақ та сүймегенім,Есімде тек «Қайтайық-деген сөзің,-Жеңгем іздеп қалады үйде менің».Есімде тек тұрғаным үй алдында,Жаныңа нұр білмеймін құя алдым ба?Таңыма бір қол соқып қиялымдаЕсімде тек сөккенім өзіңдң-өзім:«Жасықпын ба осы мен, ұяңмын ба?»Есімде тек қалғаны бітіп демім,Мейлің, мейлің, жігерсіз жігіт дегін.Сөз айтар деп сол бойда күтіп пе едің?Есімде тек жанымды мазаладыҮміт пен күдік менің.Есімде тек /бұндайда өтер қызық,Тоғандарды тасқындар кетер бұзып/.Есімде тек, иә, иә жүгіргенің,Бір сүйіп ап бетімнен шөп еткізіп...Тағы есімде:«Мені сүй деп қыз қашан тосыпты ернін,Тек қиялмен ләззатты кешіп бердің.Батылдықтың еншісі-бақыттылық,Бақытсыздық үлесі кешіккеннің,-Деген сөзің соңынан мен құшқанда,Мәселенің бәрін мен шешіп бердім».