ВЕРНУТЬСЯ

Құштым-ау көкті, сірә, мен,Көңілім күндей күлімдеп.Алды ғой тұрып бір әуен,Дүние-ай, сонда дірілдеп. Шығады шіркін шымырлап,Осынша сазды үн қайдан?!Құйылса бойға нұрлы ырғақ,Кетер ме мойын бұрмай жан?! Шомдырып сырлы сезімге,Сайрайды құйттай тіршілік.Мөлдір шық тұнып көзінде,Қария қойды күрсініп.Бозторғай жырын бұзбағын,Әуезін уыз төккенде.Сүймейді қыстың ызғарын,Құштар ғой гүлді көктемге. Тағдыры бірге даланың,Тамылжып атқан таңымен.Әлдилеп туған алабын,Тербетер әсем әнімен. Ғашықсың нұрлы ғаламға,Қуаныш құсы қонса кеп.Тіледім әрбір адамдаБозторғай-жүрек болса деп!