ВЕРНУТЬСЯ

МұңайғандаКөңілім алабұртып,Жыр аңсаған жан әлемДалаға ынтық.Кең дүниені кезіп бір кеткім келер,Алыс-алыс сапарлар шеккім келер.Қамалғанша қаланың қапасына,Қайран жүрек ынтығар Даласына,Дала деген – баланың  анасы да,Мейірім-сәуле құятын санасына.Бал бөбекпіз бәріміз жерден өнген,Сол Даладан нәр алған жөргегінен,Қанат қағып кетсек те ұлы өмірге,Ұялайды туған жер жүрегіңде.Сол Даладан табасың кеңдікті де,Сол Даладан табасың өрлікті де.Заманамен құбылмай, шіркін, Адам,Жұпар иісі жусанның бұрқыраған,Жүрмейміз бе өмірде дала болып,Кең даладай көл-көсір, дана болып...          х    х    хТаң күлгендекөктемдей кейіпке еніп,Нұрға малғым келеді жанарымды.Күн-шұғыла жер төсін сүйіп, еміп,Қандырардай менің де құмарымды.Жүрегіме ұялап жылу нәрлі,Дүниеге қараймын махаббатпен.Тұла бойым өртеніп қызу қанды,Сәулеленер арайлы таң-шапақпен.

Автор: