ВЕРНУТЬСЯ

      Десеңші енді бірдеңе...

жан қала
ма бұққанмен,

шыдай-шыдай шындықтың ыңыршағы шықты әбден.

Ырду-дырду айнала,

ұры-қары...

Ұлтанқұл

ұлттың өзін бұл
күнде руынан тұтқан кем.

Асқына кеп көнбейтін халге жеткен дерті емге,

сендей ғана соғылды ел,

сенімі жоқ ертеңге.

Жынданбай-ақ отырып күй кешесің дел-сал бір,

әзірейіл төніп кеп тұрғандай-ақ желкенде.

Ақын да жоқ

ақыра есе-тендік сұрайтын,

батыр да жоқ

батыра бағыт сілтер бір айқын.

Аға да жоқ ұмтылар,

жаға да жоқ жыртылар,

бұдан әрі,
шын айтам, шама да жоқ шыдайтын...

Айға білеп азуын,

ар-намысын қайрап
ер,

күн туа ма: "Кешегі кісілігім қайда?" - дер,

оған дейін, осылай үрей бар да, үміт жоқ,

 

өлеміз бе?

Қайтеміз,

көнеміз де, қайран ел!

2001 жыл