ВЕРНУТЬСЯ

    Аса сүйкімді досым Федор
Демьянович!
    Сіздің
үй-ішіңіздің бақытсыздыққа ұшырап қалғанына қабырғам қайысады; бірақ алланың
ісіне не шара. Әйеліңіздің
қыйналмай тыныш өмір сүруіне барлық шараны қолданыңыз. Ойда жоқ жерден
шығынданып қалғандығыңыздан, мен Сізге қолымнан келгенінше жәрдем етуге
тырысармын...
Сұраған ашық хатыңызды жіберіп отырмын, ал егер атбасына
l'/г тыйыннан артық ақша сұрайтын почта ұстаушылар тап келе қойса, Сіз олардың
сұрауына көнбеңіз, табанды болыңыз, ақырында келіп олардың өздеріақ
айтқаныңызға көнеді. Ашық хатта мен Сізді қызмет бабында шақырамын деп жаздым;
шынында да біз мұнда қызмет женінде сөйлесерміз.
Әйеліңіздің тез жазылып, үй-ішіңіздін, қайтадан
қалпына келуіне шын жүрегімнен тілектеспін. Телеграммаңызға мен сол бойда-ақ рұқсатымды
білдіріп жауап қайырғанмын. Оны Сіздің алған-алмағаныңызды білмеймін.
Сізді шын сүйетін И. АЛТЫНСАРИН.
1887 жыл, 5 январь.
Қостанай.