ВЕРНУТЬСЯ

                          І«Тату болсаң ұлы халық орыспен, –Деген атам, – жаның еркін, өріс кең».Сондықтан да өзі қалап бодан боп,Кездескенде сағынысып көріскен.«Ілімінде бұл халықтың ырыс-құт»(Жүрегімде Абай сөзі жүр ыстық).Сондықтан да махаббатпен кіршіксіз,Бар асылын қабылдауға тырыстық.Болмаса да еш ұқсастық түрімде,Ұқсастық бар мінезімде,Жүректегі дірілде.Сөзін алам. Өзі болам, – деп достың,Құрбан бола жаздапты-ау нұр-тілім де.– Тамызық боп пешке бірге жанғанбыз,Бірге бақыт ләззатына қанғанбыз.Өзгені біл,Өз тіліңді ұмытпа, –Деген кезде дос қадірін ұғындық.Аңғалмыз-ау,Әй, аңғалмыз,Аңғалмыз.                           ІІ«Тікен емес гүлге ғана тұнсын жер.Көрмейікші адамзатты күрсінгшен»Деп жүргенде:– Орыс, қазақ, неміс – деп.Бөлушілер,Айтыңдаршы кімсіңдер?Өткен кезде достығымыз бар сыннан,Маңсап тайып, мінелуді арсынған.Ешкім емес,Ешкім емес, о, сендер,Арандатушыларсыңдар!Асылымыз, ортақ кезде сәніміз,Ортақ кезде шырқар ғашық әніміз.Процентпен өлшенуге жол болсын,Араласқан шағымызда,Қанымыз бен жанымыз....Бүршік атып бұтақтардан сан-алуан,Қайта туып, қайта түлеп жаңарған,Қазақ Елі ұл-қызымыз бәріміз.