ВЕРНУТЬСЯ

"     Исабеков Дулат 1942 жылы 20 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрамауданында туған. Жазушы, драматург. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген(1966). Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетіндеаға редактор (1967-1968), Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында ағағылыми редактор (1968-1970), «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі (1971-1976),«Жалын» баспасында редакция меңгерушісі (1976-1980), Қазақ КСР Мәдениетминистрлігі репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы (1980-1988),Қазақ теледидарының бас директоры (1988-1992), «Жазушы» баспасының директоры,(1992-1995) Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болып істеген.{mospagebreak}  Алғашқы әңгімесі «Жолда», «Замандастар» аттыжинақта 1963 жылы жарияланды. Кейін «Бекет» (1966), «Ащы бал» (1969), «Мазасызкүндер» (1970), «Қара шаңырақ» (1973), «Тіршілк» (1975) повестер мен әңгімелержинақтары, «Қарғын» (1980) романы басылды. Таңдамалы повестері «Екі жиырма»(1983) деген атпен жарық көрді. Бірқатар шығармалары орыс тілінде аударылып, «Полынь»(1978), «Отчий дом» (1979), «Смятение» (1986) деген атпен басылды. Жекелегентуындылары венгр, неміс, поляк, чех тілдерінде жарияланды.     «Ректордың қабылдау күндері» (1975),«Әпке» (1977), «Ертеңді күту» (1979), «Мұрагерлер» (1982), «Алыстан келгенананас» (1984), «Кішкентай ауыл» (1986), «Анасын аңсаған қыз», «Ескерткішоперациясы», «Ескі үйдегі екі кездесу», т.б. пьесалары республикалық, облыстықтеатр сахналарында қойылды. Таңдаулы пьесалар жинағы «Жеті желкен» деген атпен1987 жылы жарық көрді. Жекелеген туындылары бойынша «Гауһар тас», «Дермене»,«Тауқымет» көркем фильмдері түсірілді."

Дулат