ВЕРНУТЬСЯ

   Пістекүл өзін
ауылдағы ең ажарлы, өжет, екі сөйлеу дегенді білмейтін және көзі ашықтығы жағынан
өзгелерге қарағанда оқ бойы озық әйелмін деп санаушы еді. Өзі туралы мұндай
берік байлам оның кеудесіне нан-пісіріп,көшеге шыға қалса былайғы жұртты көзге
ілмей, бойын тәкаппар ұстауға тырысатыңды. Дәл осы мінезінің арқасында ол
ауылдағы құрбы-құрдастарымен ғана емес,совхоздың бухгалтері, "туған"
күйеуі Сопытаймен де жиі-жиі жүз шайысып қала беретін. Сопытай болса бәз-баяғы мінезінен
мысқал да ауытқымай, әйелінің ашу үстінде күйіп-піскеніне көңіл де аудармайды.
Оның бұл немкетті күйін көргенде Пістекүл өз ашуына өзі тығылып,тұншығып өліп
қала жаздайды. Міне, совхоздың экономикалық болашағы мен жылдық табыстары
"балапан ашатын" Сопытайдың аядай бөлмесіне жаңа ғана ашу-ызамен кірген
Пістекүл күйеуінің немқұрайды мінезіне тағы маңдай соғып, есеп-қисап
кітаптарының ортасындағы шұңғыл креслоға
сылқ түсіп отыра кетті. Сопытай кезекті айлық қортындымен басы қатып, өзімен
өзі бөлек автономия боп отырған.

  Бір мың сегіз жүз сексен бес,- деді ол
күбірлеп.-Та-ак.. Жеті мың сегіз жүз алпыс төрт. Он жеті мың үш жүз қырық алты.
Міне, міне! Бұл жолы дұрыс шығатын түрі бар.

  Пістекүл бұдан әрі төзе алмай бұрқ ете түсті.

-        О құдай-ай! Осының есеп шотының үні
өшетін күн бар ма екен! Тық-тық, тық-тық! Миды тесіп бітті әбден!

-        А? Бірдеңе дедің бе?- деді күйеуі есеп
шоттан назарын аудармай.

-        Дедім,
Демегенде қайтпекпін!

-        Не боп қалды?

-        Не болушы еді!
Болды болатын іс!

-        Не,
біреулермен тағы ұрсысып
қалдың ба?

-        Ұрысқан мен
емес өздері. Осының бәріне сен кінәлісің,
сен! Сенен жан баласы аяғын тартпайды, бәрі басынып
алған. Егер сенен жасқанатын
болса, естіп көрінгеннен сөз естіп
жүрер ме ем?!

-        Иә, олар саған
нағыл деді?

-        "Нағыл деді" деме, неғыл демеді
де. Совхоз деректірінің, тіпті, анау управлайштің әйелінің бетіне қарап осы маңда бір адамның сөйлегенін көрдің бе? Жоқ! Ал маған,
білдей бүгалдырдың әйеліне... айтпағандары қалмады.-
Пістекүл сөзін әрең бітіріп, екі алақанымен бетін
басты. Сопытай иығы
селкілдеп, кәдімгідей жылап отырған
әйеліне бір көз тастады да:

-        Несі бар. Сен
де айт,- деді шотты тық еткізіп.

-        Енді
айтпаймын, саған қырсыққанда ауыз ашсам нағыл
деген екенсің,- деді ол үзік-үзік сөйлеп.-
Саған әйеліңнің намысы соқыр тиын.
Сен менің намысымның аяққа тапталып жатқанына пысқырмайсың да.

-        Неге?
Пысқырамын.

Пістекүл қолын
түсіріп, күйеуінен әлдекалай бір үміт күткендей
оған қадала қарады.

-        Онда... неге
ара түспейсің?

-        Есі жоқ, енді
мені әйелдермен ұрыстырайын деп пе едің.

-        Ұрыспа,- деді
Пістекүл ақыл айта сөйлеп.-Оларға
алыста жүріп-ақ қаһарыңды төге
біл. Төмен қарап,табан жолыңа үңілгенді қой. Қатал бол. Өткен жолы ана падашы Жолымбеттің әйеліне сыйлық ақша
жаздырған сен екенсің ғой. Онда нең
бар еді а? Ол сенің қай екі туып бір
қалғаның еді. Сол-сол екен, ол төбемізді ойып шыға келді. Сол әйелдің мені қалай тәлкек
еткенін білесің бе өткен
жолы? Білмейсің әрине! Желөкпе деді. Ал құлағыңа құйып ал!

  Сопытай басын көтеріп, бір көзі
шытынаған ескі көзілдірігін әйеліне
қадады.

-        Желөкпе?!- Ол кенет қарқылдап күліп жіберді.-Желөкпе! Қызық екен... Е-хе-хе...

Пістекүл демін ішіне тартып, сазарып отырып қалды.

-        Сен... сен
неңе жетісіп күлесің? Сорлы-ау, сенде намыс
деген бар ма?- деді орнынан тұрып, тура оның бетіне үңіліп.

-        Сол, күлетін
болған соң күлемін,- деді күйеуі жайбарақат.

-        Өзсің! Намысың
жоқ! Құдай-ай, енді не дерсің бұған!
Сол қатынның мені қалай қорлағанын білесің бе?

-        Бір мың төрт жүз... Жоқ, білмеймін.

-        Осыдан үш күн
бұрын, құдықтан су тартып жатқанымда...- Ол булығып, әрең сөйледі.-- ...тартып жатқанымда, о бәле есегін жетектеп келді
де... арам қатқыр есегі шелегімді
иіскеді.

-        Ештеңе емес.
Шайып ала саласың ғой.

  Пістекүл есі ауысқан адамдай тар бөлменің
ішінде теңселіп кетті. Енді ол өз-өзінен күбірлеп, аспанға қарап екі қолын
жайып, тәңірге жалбарынғандай түсініксіз бірдеңелердің басын шата бастады.

  Әу баста Сопытайдың осы момын мінезін ұнатып
еді.Үстінен түйе жүріп өтсе де, селт етпейтін жігіттің бар бітімі мен болмысы Пістекүлді
қызықтырған да. Бертін келе, үйлі-баранды болған соң, жұртпен араласар көз туғанда
шаңырақ иесінің қойдан жуас мінезі оны жалықтырып, бірте-бірте оның намысын
оята бастады. Үй иесі момын болған соң, осы ауылдың итіне дейін бұлардың ауласына
кіріп, шалдуар әйелдің ашу-ызасын келтірді.

Өзге жұрт бұларды
сыйлаудан қалып бара жатқандай көрінді. Өзге әйелдердің, әсіресе, совхоз
директорының,бас агрономның, бас зоотехниктің т. т. "бетке шығарлардың"
әйелдерінің алдында үлкен беделге ие болып жүруіне күйеуінің ынжықтығы ғана
кесір келтіретін сияқтанды. Ол үшін Сопытай бұдан гөрі қаталдау,қытымырлау,
ашушаңдау болу керек. Пістекүл күйеуінің дауыс көтеріп біреу-міреуге ұрысқанын,
зекігенін көргісі келді. Кім болса
о болсын,- қарауылға ма, сауыншыға ма, ұсақ тиындарын қайтаруды ұмытып кеткен піркәншікке
ме, әйтеуір біреуге ұрысса екен деп тіледі.

  Бірақ қас қылғандай Сопытай да өзгермей-ақ
қойды.Қайта, күннен-күнге кейін кетіп бара жатқан секілді.Пістекүлді бұл намыс
пен ашу-ызаның тұйығына тіреп,шайпаулығын өршіте түсті. "Шайып ала
саласың","Құдай-ау, әрине шайып ала аламын. Бірақ мұның түп-төркінінде
аяққа тапталған намыс жатқанын ол неге байқамайды?".

  Кенет ол бөлменің қақ ортасына кеп, күйеуінен
көз алмай қалшиып тұрып қалды. Сопытайдың жанары әлдеқандай белгісіз бір
нүктені ішіп-жеп, ұшқын шашып,күлім қағып тұр екен. Еркектерде мұндай көзқарас
Джорджононың "Ұйқыдағы Зенера" атты картинасын, немесе,әйтеуір бір
жалаңаш әйелдің денесін көргенде пайда болады. "Есі дұрыс па мынаның? Тағы
не пәле ойлап отыр,- деп Пістекүл шошына бастады.- Бәлкім, ақылы кіре бастаған шығар".

- Таптым!- деді
Сопытай кенет айғай сап.- Таптым!- Оқыс дауыстан Пістекүл талып құлай жаздады.-Бәсе-е,
сүрлем тасуға жұмсалған ақша есімнен шығып отыр екен ғой! Енді бәрі жөнге келді
деген сөз.- Ол алақанын ысқылап, есеп шотқа тың бір қажырмен кірісті.Күйеуінің
тарапынан не материалдық, не рухани көмек болмаған соң, әйелі бөлме ортасында ұзақ
тұрып, ешкімнің көмегінсіз өзі есін жиды да, сыбысын білдірмей сыртқа шығып кетті.

  Арада біраз күн өтіп, Пістекүлдің ашу-ызасы
біршама ұмыт боп келе жатқан кез еді. Әдетте, бұрқ етпесе әйелдердің ашуы жазғы
жаңбырдай өткінші келеді.Пістекүл де солардың қатарына жататын. Оның үстіне өткен
жексенбіде Шымкенттен вокальды-инструментальды ансамбль кеп концерт қойып, бұл
да директордың, бас агрономның, бас зоотехниктің әйелдерімен бірге бірінші қатарда
қалып қойды. Концерттен шыққан соң, олар қатарласып жүріп отырып, қазіргі
республикалық эстрадалық қозғалыс жайлы пікірлерін ортаға салды. Управлайштің
әйелін есептемегенде олар тергеу еді. Пістекүл сол кезде шешіліп
бір қоя берді дейсің. Ол халықаралық деңгейдегі белгілі боп келе жатқан
"Бон и М", "АББА","БАК - Қара" ансамбльдері жайлы
сөз қозғап, бәрін өзінің аузына қаратты
да қойды. Сол кезде физикадан сабақ беретін совхоз директорының әйелі ойламаған
жерден Пістекүлді мақтап ала жөнелсін. "Қазіргі әйел - от басы-ошақ
қасының адамы емес. Ол - адал жар,мейірімді ана, белсенді қоғам қайраткері.
Сонымен бірге ол - қала мен ауыл мәдениетінің арасындағы алшақтықты жоюшы
бірден-бір қозғаушы күш. Пістекүл -менің ұғымымда сол деңгейден табылатын
бүгінгі заманға лайық
әйел",- деді.Пістекүлдің кеудесін мақтаныш кернеп, аяғы жерге тимей кетті.

  Сол қуаныштың табы әлі басыла қоймаған бір
кеште даладан Сопытайдың қарқ-қарқ күлген дауысы естілді.Күйеуі сирек күлетін,
әсіресе, қарқылдап күлу оның табиғатында жоқ еді. Қамыр илеп жатқан Пістекүл
еңсесін көтеріп, назарын сыртқа бағыштап тұрған сәтте ішке Сопытай да кіріп
келді. Күлкісі әлі басылмапты. Екі иығы селк-селк етеді.

- Ей, не болған,
денің сау ма?- деді әйелінің көзі аларып.

-        Сау, денім сау,- деді Сопытай қолымен
ішін басып.- Уһ, күлкіден ішегім үзіліп кетер ме екен!

-        Айтсаңшы, неге мәз боп келесің!

-        Міне, көр... Біз... өткен жолы...- Ол
әйеліне бір парақ қағаз ұсынды.

  Пістекүл қолының қамырын да сүртпестен
күйеуінен қағазды жұлып алды. Өлең екен. Бар-жоғы бір-ақ шумақ.

Әй, Пістекүл.
Пістекүл.

Сен қылатын
іс не бұл?

Саған жақсы ат әпермес

Ұрыс деген түспегір.

  Пістекүл жуған матадай боп-боз боп тұрып қалды.Әлгі
бір көтеріңкі көңілдің күлі көкке ұшты. Оған бәрінен батқаны - өлеңнің мазмұны
емес, өлеңді көшіріп жазып алған күйеуінің өз қолы еді.

-        Мұны... қайдан алдың?- деді ол әрең
тілге кеп.

-        Балалардан. Қалай тез жетіп қалған!..

-        Не?

-        Өлеңді айтам.

-        Болды, доғар!- Ол ашуға сыймай столды қойып қалғанда бірте-бірте бәсеңсіп келе жатқан
Сопытайдың күлкісі кілт тыйылды.-
Өзім көшіріп алдым де! Неткен ұят,
неткен масқара!

  Пістекүлдің көз алды бұлдырап,
орындыққа барып отыра кетті де, еңіреп жылап жіберді. Қарсы бөлмеден жылаған
баланың даусы естілді.

Сопытай не болғанын түсінбей аңырап тұрып қалды.Түкке тұрмайтын
өлеңге бола әйелінің ебіл-дебіл боп жылағаны несі? "Бас-аяғы жып-жинақы жақсы өлең. Күлуге болады. Ал ол..."Ол әйеліне жақындады.

-        Ей, баланы емізсеңші.

Әйелі оның сөзін
естімеді де- .

-        Баланы еміз
деймін!

-        Өзің, өзің
еміз!

-        Мен?..
Қалай?.. Немді емізем?

-        Онда менің
шаруам жоқ. Қалай емізсең солай еміз.

Сопытай еңкейіп, оның бетіне үңілді.

-        Ей, денің дұрыс
па?- деді ол сыбырлап.- Неге жылап отырсың?
Балалар шуылдап айтып жүр екен, жазып алдым. Онда тұрған не бар. Бәрі күледі,
ал сен жылайсың. Бола ма екен сол...

-        Баршы, баршы,
шықшы үйден- деді әйелі жарыла жаздап.

Баланың жылауы күшейе түсті.

-        Қазір, қазір,-
деді Сопытай сасқалақтап.- Сүті қайда еді. Ә, міне таптым. Емізігі ше?- Ол жан-жағына көзбен шарлап тұрды да, "Желім"
деген кішкене бөтелкенің аузына мұқият
кигізіліп қойған емізікті жұлып алып,
бала жылап жатқан бөлмеге
қойып кетті.

  Балаға тамақ беріп тыныштандырған Сопытай
әйелі отырған бөлмеге қайта келді. Әлі жылауын тоқтатпаған әйеліне жаны ашыды.
Оның көңілін жұбатар, ашуын тарқатып, жанына медеу болар жылы-жылы сөздер айтқысы
келді. Бірақ ондай сөздерді қайдан табары, таба қалса да қалай айтарын ойлап
біраз басын қатырып тұрды ды, ақырын басып кеп, ертеңгі шай үстіңде қалдырып кеткен
есеп шотын алып, өз бөлмесіне білдірмей кіріп кетті. Келіп
орындыққа отырды да, алдында цифр толы бір қағазды қойып алып, жайлап тастарды
аудара бастады.

  "Жеті жүз сексен бір. Үш мың үш жүз отыз
екі... Сегізжүз тоқсан бір". 

Пістекүлдің шыдамы
шегіне жетіп, ол бөлмеге кіріп келді.

-        Байғұс есепші!- Ол Сопытайдың қолынан
шотты жұлып алды.- Арсыз, намыссыз!

  Сопытай "тоқтай тұр" дегендей қолын
көтере беріп еді, әйелі оны алақанымен қағып жіберді.

-        Осы мен саған
кіммін а? Мен сенің әйеліңмін бе,әлде күңіңмін бе?

-        Әйелімсің.-
Сопытай бұл жолы өзіне төнген Пістекүлге
көз тоқтатып қарады.

-        Бәрібір, мен
кетемін.

-        Қайда?

-        Төркініме.

-        Неге?

-        Мен енді
сенімен тұрмаймын, білдің бе. тұрмаймын! Енді жетті ме жетеңе?! Құдай-ай, осының есеп шоты қашан қурап қалар
екен!

 Сопытайдың көзілдірік ар жағындағы жанары жалт
ете қалды. Сонан соң орнынан жайлап көтерілді де:

-        Екінші қайтып мұндай сөзіңді естуші
болмайын,-деді ежелей сөйлеп.- Ол - менің наным, кәсібім, оған тіл тигізуге
ешкімнің қақысы жоқ. Сенің де!

-        Онда өзің біл. Мен кеттім. Қал есеп
шотыңды құшақтап.

Ол бөлмеден атып
шығып, есікті сарт жапты.

-        Пістекүл!- деді Сопытай оның соңынан айғайлап.-
Ақымақ болма, қайт кейін. Ертең Арысқа жүрем. Көйлек... таза көйлек керек. Есеп
беруге барам...- Барлық мәселе осымен шешілді деп ойлаған Сопытай жұмысына
қайта кірісті.

-        Та-ак... Сегіз
жүз тоқсан бір. Бес жүз алпыс екі...

 

                                              *
* *

  Пістекүл сол күні кешке көрші совхозда тұратын
ағасының үйінен бір-ақ шықты. Ағасы әлі жұмыстан келмеген екен. Жеңгесі
Қаршығаға болған жайды түгел айтып берді.

-        Ім-м, солай де,- деді Қаршыға күрсініп.

-
       Жақсы емес екен.

-        Солай. Одан арыға төзе алмадым.

-        Тентек болма, қайтып бар. Ұялсаң өзім-ақ
апарып саламын. Бірің әке, бірің шеше болған кезде бұларың қалай? Құдай берген
мінезі болса қайтесің, ар жағында жамандығы жоқ болса болды ғой.

-        Енді сендер де мені сыпайылап қуайын
дедіңдер ме?- деді Пістекүл ашу шақыруға ыңғайланып.

-        Қит етсе төркінге қашу деген не ол? Масқара
емес пе? Егер ағаңның қылығына орай тірлік етсем, әлдеқашан жесір боп отырар едім. Көп ұзамай ағаң келеді. Берер ақылым,- ол келмей тұрғанда көзіңді құрт.

-        Келсе келсін.
Бәрін айтам. Қарындас намысы қымбат
болмаса өзі білсін. Немесе,
анау ынжықты барып есеп шотын
қиратып, көзін ашып қайтсын.

  Әуелгіде қоңыр дауыспен басталған жай әңгіме
бірте-бірте екпін алып қыза түсті де, аяғы өзінікін жөн деген қызыл өңеш дауға
айналды. Бұл даудың аяғы немен бітетіні бір құдайға ғана аян боп өршіп-ақ келе
жатыр еді, дәл осы кезде алдына арбасын сүйреткен "Беларусь" арылдап
кеп тоқтай қалды да, құдыққа құлап кеткендей бірден өше қалды.

-        Қарны аш екен,- деді Қаршыға дауысын
бірден өзгертіп. Сөйтті де, стол үстін қайта жабдықтауға кірісіп кетті.

  Сәлден соң ұстындай ұзын тұтқыштай қара,
апиыншыдай арық, көзі шөлдің құдығындай терең, екі құлағы сыпырадай қалқиған,
жылқы тісті Ботбай кіріп келді. Ол кіріп келгенде солярка мен жүгері сабағының,
күн мен сүрлемнің, тер мен шаңның - қысқасы, бүгін немен айналысса, соның
бәрінің исі үй ішін алып кетті. Ол қарындасын көрген бетте сойған түлкідей
ыржиып күлді.

-        Өй, Пістеш! Алтыным, қайдан жүрсің!-
деді оған қарай құшағын жая ұмтылып.

Үйреншікті
амандық-саулық сұраудың, жайраңдап еркелеудің орнына бұл қарындасы жыларман
халде бұрылып,мойнына кеп асыла кетті де, жас баладай солқылдап қоя берді.

-        Қыдырып кепті, қайдан келуші еді,- деді Қаршыға
Пістекүл үшін жауап беріп.

-        Әнеукүні ғана келіп кетіп еді ғой,- деді
Ботбай кеудесінде жатқан қарындасының шашынан сипап,- Әй,Пісте!- Ағасы оның
жылап тұрғанын енді байқап, не істерін білмей табан_асты- абдырап қалды.- Неге
жылап тұрсың, а? Қане, айтшы маған бәрін, кім де болса қабырғаларын қаусатып
қапқа сап берейін. Қане, айта ғой, - Ағасының еркелете сөйлеген үнінен
қарындасының ет жүрегі елжіреп, жылауы үдей түсті.

-        Мен... мен...
енді ол жаққа бармаймын.

Түкке түсіне алмаған Ботбай аңырып әйеліне қарады.

-        Иә, солай,-
деді Қаршыға күрсініп,- Сүйтеді. Бармайды.

  -Не дейді, не дейді! Қане, жөндеп
айтшы,- Ботбай қарындасына орыңдық
қойып, өзі оған қарама-қарсы орналасты.

   -Не, ол сені ұрды ма?

-        Жоқ...

-        Боқтады ма?

Ол басын шайқады. Ботбай шарасыз адамның кейпімен иығын қозғады.

-        Ім-м... Ұрмаса, боқтамаса...

-        Есеп...- деп
күбірледі Пістекүл,- есеп шот...

-        Есеп шот?!

-        Иә...
Былай...- Қарындасы күйеуінің шот қаққанын
салып, қолын ары-бері
қозғалтты.- Азаннан кешке дейін
кештен таңға дейін. Тық-тық, тық-тық.

Ботбай мен Қаршыға бір-біріне қарады.

-        Мейлі қаға берсін,- деді ағасы бірінші тілге келіп.- Онда сенің шаруаң қанша?

-        Миымды жеп
бітті.

-        Ал сен басқа
бөлмеге кір де, есігіңді тас қып жауып ал.
Сонда түк те естімейсің.

-        Сопытайға ебін
тауып резеңке есеп шот жасап
беру керек, содан дауасы жоқ,- деп
Қаршыға бір бүйірдек Америка аша
қойды, Ботбай қуанғаннан айғайлап жіберді.

-        Идея!
"Беларусьтің" ескі доңғалағынан мен оған қатырып тұрып есеп шот жасап берейін! Жатсын шоттың дауысын өзі де ести алмай.

-        Жоқ, жоқ!- деп
Пістекүл ызаға булықты.- Сендер түкті де түсінбей тұрсыңдар!

-        Не түсінбейтіні
бар,- деді Ботбай қарындасына сұраулы пішінде қарап.- Байғұс, тіпті боқтамапты да,Қаршыға,
"Беларусьті" от алдыршы. Тележкамен апарып тастайық.

-        Немене?!
Тележка! Құдай-ау, неткен адамсыңдар бәрің,
түйсік деген бола ма сендерде! Ол мені адам ғұрлы көрмейді. Мен үйде
бармын ба, жоқпын ба оған бәрібір.

Жұрт мен жайлы өлең шығарып, масқара ғып жатса да селт етпейді.

-        Өлең?- деді
Ботбай таңданып.

-        Иә. Мазақ
өлең!

-        Ім-м...
Өлең... өлең. Қызық екен, есіңде болса айтып
көрші.

Пістекүл ызаланып тұрып бір шумақ өлеңді тақылдатып оқып шықты. Ботбай мен Қаршыға
от тиген дәрідей жарыла күлді.
Пістекүл үрейленіп, екеуіне кезек-кезек қарады.

-        Тоқтатыңдар
күлкіні! Кеңкелестер өңшең! Сендер күліңдер,
мен жылайын!- Ол аяғымен жер тепті.

-        Жоқ,- деді
Ботбай күлкісін әрең тежеп.- Менің таң
қалып тұрғаным өлеңнің өзі емес, оның сендер жаққа қалай тез жеткені.

Пістекүл өз құлағына
сенерін де, сенбесін де білмеді.

- Сонда...
сон... сендер де білесіңдер ме ол жайлы?

Әнгімеге байыпты үнмен Қаршыға араласты.

  -Өткен жолы ол өлеңді ағаңның өзі шығарған.

-        Қалай, калай?

  - Солай. Сол жолы Сопытай маған өлең шығарды,ал
сенің ағаң оның әйеліне өлең шығарды.

Пістекүлдің көз
алды теңселіп кетті.

-        Жетіскен екенсіңдер! Жеттім дендер соған
да!Бәріңде ар, намыс деген жоқ. Кетемін, кетемін бұл үйден,бір минут та тұрмаймын.-
Ол есі ауысқан адамдай апыл-ғұпыл заттарын
жинай бастады.

-        Қайда?- деді ағасы.

-        Әжемнің үйіне.

Ботбай сәл
мүдіріп қалды да, түкірігіне шашалғандай үзік-үзік тіл қатты.

-        Шынын айтсам... менің әйеліме арналған
өлеңді әжем шығарған. Әйтпесе, Сопытайда қандай ақындық болсын...

Пістекүлдің
жанары мұнартып, тұла бойы ызадан қалшылдап, теңселе басып барды да, кереуетке
гүрс етіп құлап түсті.

  Ботбай мен Қаршыға бір-бірінен көз алмай,
енді не істерін білмей дал болып тұрғанда сыртқы есік айқара ашылып, ішке
Сопытай кіріп келді.

-        Кеш жарық- деді ол сыпайы ғана жымиып.

-        Ешкің арық! Оу, қайдан жүрсің?- деді
Ботбай таңданып.

Сопытайдың ойда
жоқта кіріп келіп, әлгі бір тұйықтан алып шыққанына Ботбай қуанып қалды.

-        Ой, келгенің жақсы болды, төрлет!- деді
ол оған жұмсақ орындық қойып.- Қалай, үй-ішің аман ба?

-        Олар осында ғой.

-        Ә-ә, олар осыңда екен ғой. Әні,
әйелің...қарындасымыз... осында. Жатыр. Жылап жатыр ғой деймін. Қаршыға, жүгір
түйе-тауық сой. Ащылап қуырдақ жаса. Біз Сопытай екеуміз домино ойнап
жіберейік.

Олар әп-сәтте
стол басына жайғасты.

__ - Қаладан
жаңасын әкелдім,- деді Сопытай.- Піл сүйегінен жасалған, аппақ доминоларды стол
үстіне сау еткізді.

Ботбайдың аузы
аңқиып кетті.

-        Мәс-са-ға-ан!- деді ол есін жинаған
соң.- Мынадай доминомен бір жеті ойнасаң да жалықпассың. Жарайсың.
Сопытай, жарайсың! Ал қане, бастап жіберейік.Бірақ сен езіп көп ойланба?

-        Әрине, әрине.
Тракторың неғып есік алдында тұр?

-        Жай. Бүгіннен
бастап сүрлемге шықтым. Көң тасуға
қарағанда таза жұмыс.

-        Дұрыс. Қанша?
Төрт те бес пе? Ал жүрдім. Кезек сіздікі.

-        Ә-ә, қу бала.
"Балық" жасамақсың ә!..

Бірнеше минут өткен соң, Ботбайдың жағдайы қиындады.
Ол жерден бірнеше рет тас алып, төртінші тасты
алғанда ғана керекті санға
ілікті.- Ал жүр,- деді ол қызарақтап.

Сопытай ойланбастан "ашық" қанатты қайта жапты.

-        Тағы ма?!-
деді Ботбай ашуланып.- Сен бар ғой,сен барып тұрған қусың!

-        Сабыр сақтап
ойнаңыз. Жеке басқа тиісуге болмайды. Мәдениет керек, мәдениет.

-        Мен -
мәдениетсізбін, өйткені
айдайтыным трактор, ал сен - мәдениеттісің, өйткені қағатының есеп шот, бугалтырсың, сол ма айтайын дегенің?

  -Ой, лағып кеттіңіз,- деді ол жайбарақат
жауап беріп.- Ал жүріс сіздікі.

-        Жүрмеймін.

-        Неге?

-        Сол, жүрмеймін.

-        Онда ұтылдың.

-        Тапқан екенсің ақмақты!

-        Онда жүр.

-        Ал жүрмеймін.

-        Онда ұтылдың.

-        Ұтылғам жоқ.

-        Онда жүр.

-        Жүрмеймін.

-        Енді не істейміз?

-        Өзің жүр.

-        Екі рет жүремін бе?

Ботбай орнынан тұрды.

-        Бар ғой,- деді ол ызалы үнмен, сенің бар
ғой,мына шілмиіп тұрған мойныңды шібидің мойнындай жұлып аламын да, терезеден
лақтырып жіберемін. Немене,"жүр де жүр", "ұтылдың да ұтылдың!"
Басқа сөз құрып қалды ма?

-        Әрине, басқа сөз
көп. Бірақ оның бәрін
неменеге айта берем. Айтпақшы әлгі
түйетауықты кім сояды?

-        Ол қандай түйетауық?

- Әлгі...
Жаңа ғана өзің айтқан жоқсың ба?

-        Айтсам қайтуші
еді! Давай, одан да жүрісіңді біл.

  - Жарайды,- деді Сопытай оңай
келісіп.- Ал жүріңіз.

Ботбай тізіліп жатқан домино тастарына ұзақ үңіліп отырды да, қайтадан ашулана бастады.

-        Иттен жаралған,- деді ол не айтқанын өзі де байқамай.

-        Боқтамаңыз,-
деді Сопытай ескерту жасап.

-        Сені емес,
тасты боқтап отырмын.

-        Тас - менікі. Демек,
қосақ арасында мен де кетем. Бірақ бәрібір - ойын бітті. "Рыба!"

Ботбай жылап жібере жаздады.

-        Қайта
ойнайық,- деді ол домино тастарын асығыс араластырып.

Ойынның екінші раунды басталды. Біраз уақыт өткен соң Ботбай қайтадан ұтыла бастады.

-        Тағы жапты!-
деді Ботбай жағдайды байқаған
соң терісіне сыймай,- Әтеңе нәлет!

-        Боқтамаңыз,-
деді Сопытай екінші рет ескерту жасап.
Оның жайбарақат қалпы Ботбайдың жынын қоздыра
түсті.

- Шошқаның ғана доминосы!

-        Тағы айтам, арға тимеңіз,- деді Сопытай ұстамдылық сақтап.

-        Сенің арыңа
тиген ешкім жоқ!

-        Жаңа не
айттыңыз?

-        Боқтасам
шошқаны боқтадым.

-        Шошқа да құдайдың
мақұлығы,- деді Сопытай салмақты
үнмен.- Ол да өзіміз сияқты жануар.

Ботбай орнынан атып тұрды.

-        Немене,
немене? Шошқа да өзіміз сияқты жануар?

-        Әлбетте.

-        Демек, мен де
шошқа сияқты мақұлықпын ба?

-        Кім білсін,-
деді Сопытай иығын қозғап.-Әйтеуір,
бәріміздің бір мақұлық екеніміз аян. Бірақ бірімізді
шошқа деп, екіншімізді адам деп атап кеткеміз.Бар айырмашылық сонда ғана.

   Ботбай бұдан әрі тәжікелесе беруді қажетсіз
деп тауып, оны бүркіттей бас салды. Бірін-бірі аямас, бітімсіз,ымырасыз айқас
басталды да кетті.

-        Шошқашылын мұның! Шошқа болғың келсе өзің бол, менде нең бар а! Ой, сүмелек, ынжық!
Көрсетейін саған шошқа болуды!

  Адырдың сексеуіліндей Ботбай арық
жағасында өскен жалбыздай Сопытайды
жаман шапандай сілкіледі.
Жанжал ә деп басталғаннан көзінің жсын тыйып, оларға таң-тамаша
боп қарап отырған Пістекүл бұл
екеуі ұмар-жұмар алысып
кеткенде, "өз басының қайғысын" біржола ұмытып, шырылдап кеп араша түсті.

-        Естерің дұрыс
па, не болған сендерге!- Сол кезде барлық илеуге қарсылықсыз көніп, Ботбайдың астында бейғам жатқан күйеуінің көзіне көзі түсті де, намысы бұрқ ете қалды.- Сені де еркек дейді-ау, неменеге мәз боп жайбарақат жатырсың! Тұр былай!

-        Қайтіп?- деді
Сопытай ақыл сұрап.

Ботбайдың оны жуық арада босататын түрі байқалмайды.
Ұрып жатыр, илеп жатыр, мыжғылап
жатыр.

-        Ботбай,
жалынамын жіберші. Өлтіретін болдың ғой байгұсты!- деді Пістекүл оның
жауырынына жабысып.

-        Аулақ!- деді Ботбай
оны сілкілеп тастап.- Шырылдай қалуын қарашы!.. Түйетауық! Түйетауық жегісі келеді тағы. Жегізермін мен саған. Өзіңнен
чахохбили жасайын!

  Осы кезде маңдайынан терін сүртіп, түйетауық қуып шаршаған Қаршыға кіріп келді.

-        Әрең ұстасам болар ма? Ботбай,
түйетауықты қайсысың соясыңдар?
Ей!..- деді ол киіздің шаңын көтеріп
алысып кеткен екеуіне үрейлене қарап.- Мыналар төбелесіп жатыр ма, немене?

-        Иә,- деді Пістекүл
дірілдей жауап беріп.

-        Ал сен неғып тұрсың?

Екі әйел екі жақтап жүріп екеуін әрең ажыратты. Екі доминошы орындарынан тұрып, қағып-сілкіне
бастады. Көп қайрат жұмсаған Ботбай екі иығынан демалып болдырып тұр, ал тыныш жатқан Сопытай ұйықтап тұрғандай тып-тың.

-        Тентек
көбелектей жалп-жалп етіп саған не жоқ ә?-
деді Ботбай қарындасына алқына қарап.

-        Ол... ол...
сені ғана емес, өзін де шошқа деді ғой...

-        Десін! Шошқа
болмақ түгілі өзін есек десін, қоңыз десін,
кесіртке, жылан, құрт-құмырсқа, маса-шіркей, бақа-шаян
десін. Бірақ мені қоспасын.

-        Енді...
солардың біреуіне тоқтау керек қой- деді Сопытай
терезеге қарап.

-        Әні, әні!
Есіттіңдер ме не дегенін?! Өй, мен сені қазір!..-
Ол орнынан ұшып тұра беріп
еді, екі әйел әке-көкелеп
қайта отырғызды.

Қаршыға
Сопытайға жақындады.

-        Айналайын,
құлдығың кетейін, үйіңе қайтшы. Сен де
сүттен ақ, судан таза емессің.

Сопытай Қаршығаға "солай ма?" дегендей біраз қарап тұрды да, көзілдірігін бір ырғап,
үн-түнсіз есікке қарай беттеді.

-        Ал... Түйетауық
ше?- деді ол жалпыға ортақ сауал тастап.

-        Есік алдында
байлаулы тұр, алып кет,- деді Қаршыға.

-        Оңбаған! Намыссыз!- деп Ботбай күйіп
кетіп жерге бір түкірді.

-        Жо-жоқ!- деп Пістекүл кенет айғайлап
жіберді.-Ол ондай емес!

-        А-а, солай
ма!- деді Ботбай қарыңдасына алара қарап.-
Өзің едің ғой сөзді бірінші бастаған. Сол үшін ажырасұалы келіп
отырған жоқсың ба?

-        Жоқ,- деді ол
күмілжіп.-- Ол жақсы адам...

-        Солай деңдер!
Демек, ол саған менен гөрі жақын болған
екен ғой. Ендеше, батырыңдар
қараларыңды!Көрінбе көзіме!- Ол аюдай ақырып, жер тепкенде екеуі

де есікке қарай жылыстай бастады. Табалдырықтан аттай бергенде Ботбайдың әмірлі дауысы қайта
естілді.

-        Пістекүл!
Тоқта! Тележкамен өзім апарамын, әзірге мынамен
бірге өлсем де жібермеймін!

Есік алдында аз-кем аялдады да, Сопытай шығып кетті.

-        Ей,
түйетауыққа тиюші болма!- деді Ботбай оның соңыная
айғайлап.

  Ертесіне кешқұрым Сопытай үйінде
жападан-жалғыз шот қағып отырды. Есеп шоттың әрбір тықылы, дәлірек айтқанда,
сол есеп шотты тықылдатып отырған өз саусақтары совхоздың бүкіл болашақ
игілігін жасап отырғандай сезініп, сол сезінуден ол өзге дүниенің бәрін ұмытып
кеткеңдей еді. Алдыңдағы жұмысқа қызу да алаңсыз беріліп кеткендігі
соншалық, алакеуім шақта үйге еніп, өзіне бір бұрыштан қимылсыз қарап тұрған
екі әйелді де байқамады.

  Арада бернеше сағат өткен соң Сопытай,
Пістекүл және Қаршыға үшеуі шайды асықпай ішіп отырды. Сопытай үшін бұл екі
әйелдің кештетіп жетіп келуі анау айтқан оқыс жаңалықтай көріне қоймады. Тіпті,
ол бұлардың немен, қалай келгенін де сұрап жатуды ойлаған жоқ,иесінің мұндай
немқұрайдылығы әрқашан сауысқандай сақ әйел көңілінің ретін тауып, шешіле
кетуіне жол бермеді. Соңдықтан да Қаршыға бұл үйге неге келгенін, күйеуімен неге
жүз шайысып қалғанын, жүз шайысуға себеп болган баяғы сол түйетауық екенін де айта
алмады.

  Түйетауықты Пістекүлден беріп жіберейік деген
Қаршығаның сөзіне Ботбай шалқасынан түскенін, екеуінің жанжалдасқанын, сол
жанжал ақыры екеуін маршруты автобустан бір-ақ шығарғаны жайлы да сөз қозғай
алмады.Олар үнсіз ішілген көңілсіз шайды аяқтай бергенде даладан
"Беларусьтің" тарылдағаны естілді.

-        Ботбай келді-ау деймін,- деді Пістекүл көңіл
аударарлық бір нәрсенің табылғанына қуанып.

-        Келсе қайтемін,- деді Қаршыға терезеден
теріс айналып.- Бәрібір онымен бірге кетпеймін.

  Үйге Ботбай кіріп келді. Ұстындай ұзын, тұтқыштай
қара, апиыншыдай арық, үстінен солярка мен сүрлем иісі аңқыған баяғы жылқы тіс
Ботбай.

-        Кеш жарық!- деді ол көңілді дауыспен.

Әйелдер жағы
жапырыла теріс айналып, Сопытай ғана қуаныш білдірді.

-        О-ау, ешкің
арық! Төрлет, төрлет! Кештетіп қайдан жүрсің? Иә, үй-ішің аман ба?

-        Құдайға шүкір! Айтпақшы олар осында ғой.

-        Ә-ә, мә, иә.
Осында. Бұлар да жаңа әзірде ғана келді.
Шешін! Не жаңалық бар?

-        Ешқандай,-
деді ол Сопытай қойған жұмсақ орындыққа отырып жатып.- Саған... төрт түйетауық әкелдім.Тележкада тұр.
Пістекүл, барып түсіріп алшы. Әйтпесе,сайтан алғырлар бет-бетімен бытырап кетіп
жүрер. Ал,бала,- деді ол қайтадын Сопытайға бұрылып.- Мен саған резеңке есеп шот пен резеңке
домино әкелдім.Кешеден бері бітіргенім сол болды. Сен ондай нәрсені түсіңде де көрген жоқсың. Өзім жасадым.
"Беларусьтің" доңғалағынан!
Столды таңның атысы, күннің батысы демей соға
бер, бір де бір дыбыс естілмейді. Міне, көр!

  Ол әлдеқалай бір резеңке сандықшадан резеңке есеп шотты алып оң жағына
қойды да, резеңке домино
"тастарын" дүрілдетіп стол үстіне текті.

Сопытай таңданғаннан
бірнеше секундқа тілін жұтып қойды.

-        Мәс-саға-ан!- деді ол есін жиған соң.-
Ғажап!Жарайсың, Ботбай! Құдай аман қойса қайнағамның қолынан бір
күні резеңке ет жейтін
шығармын! Ал ойнап жібереміз   бе?

  Ботбай бір сөзге келместен резеңке доминоны араластыра бастады.
Ойын басталып кетті. Ұмыт қалған әйелдер бір-бір күрсінді де, үй тіршілігіне кірісіп кетті.

  Біраздан соң Ботбай ұтыла бастады.

-        Вообще, резіңкенің аты резіңке,- деді ол өзімен-өзі айтысқандай басын шайқап.

Енді бірнеше минуттан соң оған жеңіліс қаупі төне бастады.

-        Нәлет! Резеңкені айтам,- деді ол сол
сәтте-ақ өз сөзіне түсінік беріп.

-        Резеңкенің бұл жерде кінәсі жоқ,-
деп Сопытай да пікір білдіріп қойды.

-        Сонда кінә
неде?

-        "Неде"
емес, "кімде" деу керек.

-        Сен жұртқа
ақыл айтпай ойна.

-        Мен ақыл
айтқам жоқ.

-        Айттың!-
Ботбай абайсызда столды соғып
қалды.

-        Столды соқпай
ойнаңыз,- деді Сопытай ақырын ескерту
жасап.

-        Соқса қайтеді?

-        Болмайды.

-        Немене, сенің
столың шиша ма еді?

-        Әрине, шиша
емес. Ойнаған кезде ұтыла да білу керек дегенім ғой. Ал жүр.

-        Ей, сен неге
дікеңдейсің? Немене, ылғи де сен ұта беруің керек пе?

-        Ұтсам жақсы ойнайтын шығармын.

-        Не-ме-не? Мына
сен бе жақсы ойнайтын?! Ал жүре ғой!

Сопытай ойланбастан жүріп тастады.

-        Пістекүл,
түйетауықтарды түсірдің бе?- деді Сопытай жеңіп отырған адамның бейғам
дауысымен.

-        Берермін саған
түйетауықты!- деді Ботбай кіжініп.-
Қаршыға, түсірткізбе! Көрінгенге ұстата беретін түйетауығым жоқ. Өзің тез жинал, кетеміз.

-        Мен... мен...
кетпеймін,- деді Қаршыға
зорлана сыбырлап.- Өзің жүре бер...

-        Ей, бол тез!
Әйтпесе, аяғыңнан ұстаймын да, тележкадағы
түйетауықтардың арасына лақтырып жіберемін,білдің бе?

К  үйеуінің қаһарынан қаймыққан Қаршыға
амалсыз жинала бастады. Кенет Ботбай
домино тастарының екі жағына кезек-кезек
ұзақ қарап отырды да, қуаныштан айғайлап жіберді.

-        Ал, бала,
қане, жүріп көр!

Сопытай стол үстіндегі жағдайдың үмітсіз екеніне көзі жетіп, сұрланып сала берді.

-        Рыба!- деді
Ботбай үйді басына көтере қарқылдап.-
Қаршыға, Пістекүл, шай қойсаңдаршы! Бұл үй
дәм татыра ма, жоқ па!

-        І-і...
Жүрмейміз бе?- деді Қаршыға жасқана тіл қатып.

-        Жоқ!
Кейінірек. Түйетауықты түсіре беріңдер.Қалай, бала, тағы ойнап жібереміз бе?-
Ол Сопытайға күлімсірей қарады.

  Сопытай орындығын столға жақындатып,
домино тастарын асығыс араластыра бастады.