ВЕРНУТЬСЯ

Анасына «менікі – деп, – төр енді»,Қағып-төгіп ақ сүт толы зереңді.Дейтұғындар, дейтұғындар есуас,«Тағдырың қолда,  Жер енді».Бірақ оған шамданбады шешеміз,Сол бір ұлың: «сенен нәр ап өсеміз»,Құпияңның кілтін тауып, ұғынып,Келбетіңе нұр сыйлаймыз, –Десе, – біз.Маздар еді-ау перзенттік бір махаббат.Қозғар еді-ау кей пейілді қатал-ақ.Жасамас ек табиғатқа қиянат,Тұрмас еді жанардан жас боталап.Тоғышар боп кетер тұсқа таңым бар,Одан дағы тәңір тектес ғалымдар.Адамзаттың атынан бұл аманат:(Болып кетер әйтпесе бір жаманат).Бар бомбаны от алдырмай тастайтын,Қиянатқа баспайтынҚұрал ойлап табыңдар.Бейбіт күн, – деп көтереміз күнде Ту,Зұлымдықты керек әсте індету.Тіршілікті құртар құрал тапқанда,О, ғалымдар кемеңгер.(Арымызға тиді біздің демеңдер)Құтқаратын жол табу да міндетің.Жылан көзін ағызатын,Үлгі алалық Дәуіттен,Бұл қатерден,Құтылудың бір амалын тауып бер.Еркін өмір сүру үшін,Бақытты ойнап-күлу үшін,Жер Ананы құтқарып ал қауіптен.