ВЕРНУТЬСЯ

           Білгің келсе
грузиннің қарттарын,

Жүзге келіп,
желдей жүйрік атқа мін.

Кавказ таудың
шығып қия-шыңына,

Дариялардың
аралап көр шатқалын.

Қыс қарындай
жатса-дағы баста бұлт,

Қазыбектей тұрады олар қасқарып.

Қыздарменен
дөңгелейді құйындай,

Той-думанда
мәжілісті басқарып.

Жас кездегі
жалынындай арманның,

Көздеріңе сөнбей
оты жанған күн.

Әрқайсысы
Амиранның өзіндей,

Әрқайсысы Құдайындай жалғанның.

Олармен сен
тәуекелге түсіп көр,

Мықты болсаң, күшті қолын қысып көр.

Қос литрлік
мүйізімен қодастың

Кахетиннің от
шарабын ішіп көр.

Сен оларға тұра алмайсың таңданбай,

Тариэлдің күші
оларда қалғандай.

Сен олардан
қызғанасың қарттықты,

Жігіттігің жарты
жолда қалғандай.