ВЕРНУТЬСЯ

Жүрекке өртенген,Бір өпкен дару ма?Іштей сыр шертем мен,Қасымда аруға.Бұрымын өремін,Көтерем еңсені.Тұтыға беремін,«Мен сені...Мен сені...Мен сені...»Бақытым аңсаған,Жанымда ай маңдай.«Мен саған...Мен саған...Мен саған...»Қойдым-ау айта алмай.Кешті бір өткізем,Тұра алман. Онсыз ба?Қалай сыр жеткізем,Сол қыызға,Сол қызға,Сол қызға!