ВЕРНУТЬСЯ

Көп жортқанға, жазым деген жақын,ә,Қанды қақпан қапты аяғын қапыда.Көкжиектен кеткен сынды көрінбей,Ғайып болып көкжал деген аты да. Жеткен иіс, айналды да жерікке,Сыбағасы: қысқан болат серіппе.Өкініштің оты өртейді өзегін,Ыза буған кеуде ұқсайды көрікке. Зілдей еді неткен мынау, зәнталақ,Жанарында шыр айналды шартарап.Өз аяғын өзі шайнай бастады,Қасарысып, екі көзі қанталап.Арпалысып, сілкілеумен қақпанды,Тіл салақтап, жығылуға шақ қалды.Қос құлағын түре қалды дыбысқа,Итін ертіп, аңшы келе жатқан-ды. Дегендей бір, жауға таба бола алман,Шыға берді шынжыр сүйреп ол алдан.Айбат шеге, аузын ашып арандай,Ажалына қарсы атылды сол арлан... ...Дерсің, достым, мұны неге етті өлең,Жә, созбай-ақ, осыменен шектелем.Жауы алдында жапырақтай қалтырар,Екі аяқты боркемікті жек көрем!