ВЕРНУТЬСЯ

      Ғафуға

      Қарасайда қараша
үйлер,

Қанаттасып тобын
жазбай,

Қарасайда қараша
үйлер

Отыратын қоңыр
қаздай.

Қоңыр қаздай
болса-дағы,

Қоңыр сол шақ
өмірлері.

Болса ірімшік,
болса ағы,

Қараша үйлер
көңілді еді.

Аласа үйге
сыймайтындай

Қараша үйлер ұл
табатын.

Жырлар тартып
сыйға алтындай,

Ән салатын
Нұрқан ақын.

Бір бозарып, бір
қызарып,

Түн сәулемен
жыртылғанша,

Қараша үйден жұлдыз ауып,

Қараша үйге күн
туғанша, -

Сіміріп сол сұңқар үнін,

Түлейтінбіз біз
екеуіміз.

Мәңгілікке Нұрқан жырын

Біз екеуіміз күзетерміз.