ВЕРНУТЬСЯ

        Қайда жүрсең,
аман жүр,

Дәурен батыр,

Жүрегің пәк
баласың,

кеуденде ақыл.

Қайтсем алыс
барам деп көңілің тұр,

Ұшып
өтсін аққуың көлден батыл.

Сыбағамыз ол
біздің әркімді ұқпақ,

Қиын-қыстау
жерлерден алып шықпақ.

Арасынан
қауіптің аман шық та,

Даласынан
еліңнің еркіндік тап.

Қуантады
көңілің, көзің мені,

Өмірінді мәпелеп
сөз ілгері.

Ақ батаны,
жүрегім, бердім саған,

Туа біткен
жүректі өзімдегі.

Кеште де естен
шықпайсың, түсте де естен,

Жастығымды
көркейткен күшті емес пе ең.

Мен де еткіздім өзімше әмірімді

Бір адамға
қиянат істеместен.

Сен де солай
өтерсің,

білем оны,

Арманы да,
алдында тілегені.

Жігіттіктің
ауылына келдің дағы,

Шалдыққа өзің ұзаттың,

міне, мені.

Алдым қиял әрдайым, іргем өнер,

Маған келген
бақытпен бірге келер.

Бәріне де сен өзің ұзатып сал,

Кәріге де
керек-ау бірдеңелер.

Әр күнінен
қуаныш күтпей ме адам,

Жылдар өткен сайын да тіпті ойланам.

Сені ерлікке,
елдікке ұзатам мен,

Бітіргей деп
ісімді бітпей қалған...