ВЕРНУТЬСЯ

Өмір-қайрақ, мейлі қанша қайрасын,Өткір жүзің өр қалпынан таймасын.Өмір-өзен өткелінен өтердеӨзеуреген өштіге кек қайнасын.Өмір-қайрақ, қайрап қанша сынға алсын,Өршеленген алмас жүзің сынбасын.Құр өбекке сынаптайын сырғыма,Өжет ердің таныта біл тұлғасын.Өмір-қайрақ, мейлі, қанша жонса да,Жарқыраумен жатсын таңдау – жол сара.Жабығумен, мұңмен күнің өтпесін,Тауқыметі тағдырдың зорболса да.Жанға жара салмас үшін жан өңге,Жанарыңды шалмас үшін көлеңке,Күркіресең күн тұтылып, жау шошыр,Жанартауың жатсын бұғып тереңде!Мұқалдмасын сынық тартып назарың,Бұқсаң төмен, батпан жүктей азабың.Бабалардың әруағын қорламай,Қынабыңда қайрала біл, қазағым!

Автор: