ВЕРНУТЬСЯ

Жұмағалиев Қайрат (16.9.1937 жылытуған, Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы Бесқұдық) - ақын. Қазақстан Жазушылародағының мүшесі. ҚазҰУ- ды бітірген (1959). 1959 - 84 жылдар "Жазушы"баспасында кіші редактор, редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі, басредактордың орынбасары, 1985 - 92 жылы Қазақтелерадио комитетінде аға редактор,комментатор, редакция меңгерушісі, бас редактор, 1992 - 96 жылдары ҚазақстанПарламенті Сенатының аударма-редакциялық бөлімінде сектор меңгерушісі, кеңесші.Қазір "Сарыарқа" журналында редактор қызметін атқарады. Алғашқыөлеңдер жинағы "Тұңғыш" 1964 жылы жарық көрген. Бірқатар шығармаларыорыс тіліне аударылып, жеке кітап болып басылған және ағылшын, француз, араб,неміс, қытай, хинди, испан, поляк, болгар тілдеріне жеке өлеңдері аударылған. Француз, монғол ақын-жазушыларының романдарын қазақтіліне аударған. Ақын өлеңдеріне ән жазылған. Белорусь Республика Құрметграмотасымен, Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, "Тың жәнетыңайған жерлерді игергені үшін", "Еңбектегі ерлігі үшін"медальдарымен, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының Грамоталарыменмарапатталған.    1959 жылы ҚазМУ-дің филологияфакультетін бітірген.   1959 - 1984 жылдары «Жазушы»баспасында кіші редактор, редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі, басредактордың орынбасары болып істеген.    1985-1992 жылдары Қазақреспубликалық теледидарында аға редактор, бас редактор.   1993 - 1996 жылдары Қазақстан республикасыПарламенті Сенатының аударма-редакциялық бөлімінде сектор меңгерушісі, кеңесшіболған. Қазір «Сарыарқа» журналында редактор.      Шығармашылығы     «Ақырғы матч», «Беймаза бақыт»,«Шам шаһарында», «Самардың сарша тамызы», «Дос құшағы» поэмалары, «Құрақкөрпе», «Хатшепсут», «Батыр туралы баллада», «Журналист» балладалары, балаларғаарналған «Таба нан», «Жампоз», «Кәмпит туралы баллада», «Соқыр қыран» сияқтыдастан, балладалары жарық көрген.     Гомердің «Илиада» поэмасын,Еврипидтің «Медея», «Троя арулары», «Елена» трагедияларын, Әл-Мааридің,Ш.Руставелидің, Физулидің, Низамидің, Пушкиннің, Лермонтовтың, Маяковскийдің,Есениннің, Хикметтің, Блоктың, Тувимнің, Мұса Жәлелдің, Светловтың, Лукониннің,Ғафур Ғұламның,С.Наровчатовтың, Р.Рождественскийдің, Р.Казакованың шығармаларын ана тілімізгеаударған. А.Дюманың «Граф Монте-Кристо» романын (Ә.Жұмабаевпен бірге), монғол жазушысыЛ.Тудэвтің «Тау тасқыны» романын, француз ақыны Беранженің шығармаларын, қырғызэпосы «Манасты» қазақ тіліне тәржімалаған.      Ақын өлеңдеріне жазылған әндер бар. Балаларға арналған көптеген әнмәтіндерінің авторы.Мәскеуде «Степная дорога»,«Целомудрие» («Советский писатель»), Алматыда«Раздолье», «Подарок малышам» аттыкітаптары орыс тілінде жарық көрді. Шығармалары ТМД өздерінің тілдерінде,сондай-ақ ағылшын, француз, араб, неміс, қытай, хинди, испан, поляк, болгартіздеріне аударылған.Тұңғыш. Өлеңдер. «Жазушы», 1964;Жанар. Өлеңдер. 1966;Перзент үні. Өлеңдер. «Жазушы»,1967;Жеңісбай. «Жазушы», 1968;Айнамкөз. Өлеңдер. «Жазушы»,1969;Сақара. Өлеңдер. «Жазушы», 1970;Шапағат. Өлеңдер. «Жазушы», 1974;Сәске. Таңдамалы. «Жазушы», 1986;Ататау. Өлеңдер. «Жалын», 1997;Парасат. Өлеңдер, поэмалар.«Жазушы», 1978;Қүбажон. Өлеңдер, поэмалар.«Жазушы», 1980;Ақмарал. Өлеңдер, балладалар.«Жалын»,"

Қайрат