ВЕРНУТЬСЯ

Бұл  сауалға іркілердей жөнім не,Көл секілді көлкиді ойлар көңілде.Қазақ деген қандай халық, айтайын,Жөргегінде қайта келген өмірге. Жете сүйген ұл едім мен ұлтымды,Жетесіз деп даттамаймын жұртымды.Жасықпын деп айта алмаймын әманда,Жоғалтуға айналсам да ғұрпымды. Бабалардың қалған болса жұрнағы,Аман болса атқамінер ұлдары,Қайран елім қанатынан қайрылмай,Қалар қағыс қай-қашанғы мұң-зары. Өзгелердің езгісіне көне алмай,Қайран Далам келімсекке тоналмай,Қаз қадамын Ертеңіне басса нық,Дейді жүрек, бәрі оңынан болардай. Қазақ – кемел, дариядай Данасы,Қайсар туған ел билеген Ағасы.Білім кенін жиған күллі әлемнің,Аз емес қой тонның алтын жағасы. Солар болар елдің тұлға, панасы,Марғасқа етіп жаратқа-ау анасы.Алынбайтын асудан да тайсалмай,Асқақ шыңға жететұғын шамасы. Болса сондай бар қазақтың баласы,Биіктесе ой-өресі, санасы,Дейді көңіл,жан-жағына қарайлап,Сілкінердей марғау жатқан Даласы! Е-хе-хе-хей!Айқай салып көрем бе,Ей, бауырым, құлағың түр өлеңге.Намысыңның жаны алмас қанжарын,Жетіле түс мұқалмастай өнерге. Сенен мәрттік күтеді өмір күрделі,Қоя тұрғын үлде менен бүлдені.Күнделікті күйбеңіңнен бой үзіп,Ұлы жарыс жолын таңда жүлделі. Елдің қамын ойлау керек, жер қамын,Бабалардың аманатын, арманын –Келешекпен жалғау парыз бүгінгі,Замананың арқалап зіл-салмағын. Бұл қазақтың арманының жоқ шегі,Баяғыдан азаттықты көкседі.Баян-ғұмыр бақытына қол жетіп,Ел болуға ұмтылды енді еңселі. Базарына қайта оралып әуелгі,Құйқылжытты қоңыр сазды әуенді.Өзіне сай өрнегімен ұйытып,Баурап алу бар ниеті әлемді. Тұнып келген тереңдегі лағылдар –Жаңа өмірге шашудай боп ағылар.Шапағатын шашып тұрса шұғыла,Жүректерге жарқын үміт жағылар. Қазақ көрген аз емес қой қайғы-мұң,Танытатын күн туды енді айбынын.Көкбайрақтың астына кеп жиналып,Пәтуасын есіне алсын Майқының! Парасат пен парықты ләйім мұрат қып,Қазақстан – ұлы ордасын тұрақ қып,Бүтін қазақ жер жүзіне жиналып ,Алға басса ақыл-ойды шырақ қып. Жарқын көңіл, қолы ашық халқым-ай,Жаңғыртуды қажет қылар салтың-ай.Ұрпағыңды ақылменен баулышы,Көпті көрген абыздарым, қартым-ай.Дүниенің тарылғанда тынысы,Өз жайыңды қамдау болар дұрысы.Құшағыңды жая берме жат жұртқа,Шашылмасын – Жер-ананың ырысы! Беу, қандасым, әр ісіңе бол қатал,Аңғалдыққа бой алдырсаң сорлатар.Білек те бір, жүрек те бір болсыншы,Онсыз өзге әңгіртаяқ ойнатар. Арамызда алауыздық жойылып,«Алаш!» деген отты ұранға бой ұрып,Іштей ширап, шыңдалайық, шырқайық,Атағымыз шартарапқа жайылып. Сенің маған мәлім, қазақ, сипатың,Дәл бүгінгі дабысың мен тұрпатың.Қашан заман ілесесің көшіне,Көз қарырдай керемет боп сымбатың?! Аз көрмедім қаракөзді қаны жоқ,Маскүнемді өлекседей жаны жоқ.Өз халқына топырақты шашатын-Аз көрмедім алаяқты ары жоқ. Ондай мыстан –елге дұшпан,сұм, жауыз,Халқын сату –опасыздық бұл нағыз.Жансыз бенен жағымпаздан арылмай,Көтерілмес шөгерілген тұлғамыз.Татулық пен бірлік керек ел үшін,Үдетелік желмаяның желісін.Барша қазақ жұдырық боп жұмылып,Көрелік тек сол тірліктің жеңісін.Таталық та бірге тәтті жемісін. Қазақ қандай деп сұрасане дермін,Жақсы десе, келісермін, көнермін.Күйе жақса менің туған халқыма,Сол пенденің қолында мен өлермін!1992 жыл.

Автор: