ВЕРНУТЬСЯ

       Көз тоқтатып
бірінші рет

Қарады да ұлым
маған,

Әнтек қана күлімсіреп,

Созып қалды қолын
маған.

Бұл не деген
ғажайып күн,

Ең бақытты өзім
ғана.

Танып мені күледі
ұлым,

Көзін қара, көзін
карай

Көтерелік, құйшы
шарап,

Кенжешімнің
күлгені үшін,

Тұңғыш рет тура
қарап

Өз әкесін білгені
үшін

II

-        Әлди, кенжем, әлди, бөпем,

кесірім...-

Деп тербетсем
нәрестемнің бесігін.

-        Шынымен-ақ қоямыз ба тоқтатып

Біздің үйдің
адамының өсімін?-

Деп бәйбішем
қажап мені қалады,

Ойнаса да ойын
айтып алады.

-        Кешір, сәулем, өсірейік мынаны,

Тербетеміз кейін
кенже баланы.

III

Өлди-әлди, әлди,
бөпем

Әлдилейді сені
көкең

Шешең кетті
қызметіне

Бесігіңді мен
тербетем.

Бір есінеп, бір
керіліп,

Емізігін жатыр
еміп;

Әлсін-әлсін жұмып
көзін,

Бара жатыр ұйқы
жеңіп.

Ұйқтап ұлым
оянғанша

Әзірлеп ем сүттен
каша,

Қайнат деп ед
өзін канша,

Сал деп еді тұзын
қанша?.,

IV

Күз басталды,
сарғайды,

Қырда қыран
самғайды.

Жел жүгірткен
жапырақтан

Ұлым көзін
алмайды.

Талпынады,
талмайды,

Танымасқа
бармайды.

Мойнын созып
қарайды

Керетіндей
шалғайды.

Жел жүгіріп
заулайды,

Сарғылт жапырақ
аунайды.

Айыра алмайды
қарайды

Жапырақтан
торғайды.

Күз басталды,
сарғайды.

Қырда қыран
самғайды.

Ертең өзі-ақ
ұстайды

Қуып жүріп
торғайды.

1960