ВЕРНУТЬСЯ

Қобыз болса көрінген,Көзімде елес өрілген:Қашып бара жатады,Қорқыт ата өлімнен. Құлпырар ма жаз алдан,Құтылар ма ажалдан?Тұрып алды бір ызың:«Өлесің!»-деп маза алған... Күйге ұйытып бар маңды,Айтқан асыл арманды.Қалай ғана қия аларЖарық сәуле жалғанды?! Сыйлар шырын сәттерін,Тірлік қандай тәтті едің!Қимай қанша қашса да,Жылан болып шақты өлім.....Үміт жібін үзбеген,Жеткен бізге ізгі өлең.Өнегелі ғұмыр бұлӨлмес ғұмыр іздеген. Қозғап, шіркін, сырды не,Тебірентіп  тұр, міне.Қорқыт баба бірақ таБілмеді ме, білді ме: Мәңгілікке шертіп  үн,Дауасы боп дертінің.Қыл қобызы қолдағыӨзін өлтірмейтінін!