ВЕРНУТЬСЯ

Келші, көктем, шуағыңды шашып кел,Айқара ғып құшағыңды ашып кел.Асау өзен, айдындарың арқырап,Ақшулан боп ағыл-тегіл тасып кел!Ерікті алып сұлу сенің келбетің,Ізгі сезім әлдилесін жер бетін.Келші, көктем, құшағыңды жайып кел,Саумал самал сүйіп беттен ерке тым.Бар дүние жатқан кезде бусанып,Иіскесең жұпар атқан жусанын,Өмір бойы арманың ол жеткізбес –Көз алдыңда мәңгі тұрар ніл-сағым.О, көктемім, сен өмірдің кілтісің,Жүректердің ұшырасың жыл құсын.Сен соншалық сезімталсың, сергексің,Жарқын шырай, жылы жүзді, нұрлысың,Көктем –аругүлге оранып тұр мүсін.

Автор: