Баяу тартып баяғы
ырғақ,көмескі үн,
Сағынар да,зарығар да емеспін.
Аңсап сені жоқтайтын да бұл күнде,
Айтқан сөзге тоқтайтын да жоқ ешкім.
Бұрынғыдай
бұлқынбай да жұлқынбай,
Бұйығуға
бейім тұрған шіркін-ай!
Қой маңырап,қозы
жамырап бір түнде
Көтеріле көшкен
елдің жұртындай.
Азғыра ма,жазғыра
ма сол ескі үн,
Бұрынғыдай бұлқына
алар емеспін.
Ұнатуға,жұбатуға
бұл күнде,
Жылатуға жарайтын
да жоқ ешкім...
- 75 просмотров