ВЕРНУТЬСЯ

       Айнала ағайынға жүрген ұнап,

Көңілің
бірде көл де, бірде бұлақ.

Аға да
жаға болғың келгенімен

Аласың
ара-тұра сыр беріп-ақ.

Сырт көзге
көрінсем деп "тірі мықты",

Іздейсің
өзіңде жоқ ірілікті,

Мәрттікке
жаралмаған майда тірлік

Әзірге
ақтамай-ақ жүр үмітті.

Әп-сәтте әдіра қап бар ынтымақ,

Айнала
жібересің тарылтып-ақ.

Содан да саған деген біздің көңіл,

Қояды ауық-ауық қалыңқырап.

Үйренген ескі әдетті
өлі сақтап,

Кетесің
кешегіңнен сәл ұсақтап.

Адамның созылмалы
пенделігін

Ешқандай ала алмайды нар ісі ақтап.

Сырыңды
біліп болған Алаш анық,

Ендеше
несіне біз таласалық:

Берерде
қаншалықты биіктесең,

Кетесің
алар кезде аласарып.

Айнала ағайынға
жүрген ұнап,

Көңілің бірде көл
де, бірде бұлақ.

Текті де бетті болғың келгенімен,

Қоясың ауық-ауық сыр беріп-ақ!..