ВЕРНУТЬСЯ

     И. Тасмағамбетовке

    Жадау-жүдеу ойымды жайдақ атқа тендеп ап,

Иманғали ініме жазсам ба екен мен де хат, -

Қарап тұрсам, бұл
күнде күрестен де қаймығып,

жүргендеймін
олжалы үлестен де кенде қап.

Түсім бе еді, білмедім...

Түсінбеді мені ешкім,

тау ішінен құлаққа
талып жетіп көмескі үн.

Арасында кейде бір келе жатам мөңгіріп,

бұлыңғыр
түн, баяғы бұлдыраған
елестің...

Бейбарыстар тұр
ма әлде, кім біледі, қаперде,

басымызды біржола байлап беріп қатерге,

өз елінде бұлайша
ұлтан болып жүргенше

Сұлтан
болып кетсем бе, деп те ойлайсың, жат елге.

Жігіт емес сияқты ем, білемін ғой, дарынсыз,

мен дегенде
ендеше неге мұның бәрі үнсіз?

Орта қолдау жазушы ағайынның әлдебір

кейіпкері сияқты болғаным ба жағымсыз?!

Алтын құям
десе де ауық-ауық төбеңнен,

жамандардың жанына жолап көрген жоқ ем мен.

'Тапқаныңнан қане, - деп табалайды дос-дұшпан, -

Едігедей еңіреп елдің қамын жегеннен?"...

Емінбей де ешкімге, шегінбей де өтсін ер,

соңың өзін
қимайтын ағайын бар, көпсінер.

Баспанаңды берсең - бер, бермесең қой!" -

Дерліктей,

Қасың боп
та тумаппыз Горсоветке тепсінер!

Қоламтадай бір үміт
жылт-жылт етіп түйсікте билік түгіл қолымыз жетпегесін бишікке,

жүр ме бәрі:

қырық жыл
Алматыны мекендеп,

кәрі төбет екен
деп жарымаған үйшікке!...

Ымдамады ағайын, тындамады төрдегі ұл,

Ұшты сөзім
қаншама (күшті сөзім!) желге құр.

He керегін өзі де біле жатар айтқызбай,

сыйпақтатып көрейін деген едім мен де бір.

Алға салып сөзімді сыпайы да сылыңғыр,

үшбу сәлем айтып ем, үнсіз кетті бұрын бір.

Кісі едім ғой дарынды, түсінер деп халімді,

Иманғали мырзаға арызданған түрім бұл!