ВЕРНУТЬСЯ

     Қайғыдан болар еді күлкім басым,

күлкім басым күндерді кім тындасын.

Бағалай жүрсінші деп үлкен-кіші

жағалай ұсынамын
жыр тұнбасын.

Қалмаған дүние деп қайда ғана,

ұсынам
ағайынға, айналама.

Сезе ме саумал сазын, жатады кеп

қол созып қарындас та, қаймана да.

Біле ме ала алмасын жаһүт беріп,

біреулер тамсанады татып көріп.

Біреудің өзегі ашып, безе кашып,

жамандап жатқандары жатып келіп.

Көңілдің тарқатам деп осы шерін,

Бұрап ем
домбырамның қос ішегін, -

Қадалып аш бүйірден ащы бір ой,

жармаса кететіні несі соның?!