ВЕРНУТЬСЯ

       Ақыл-ойдан жүк тиеп теңіздейін телегей

Желді күні желкенсіз жеке жүзген кемедей,

Менменсіген Мәскеуді, Парижді де тәкәппар

Таңқалдырған
кім еді,

Қаныш аға,

Сен емей!?

Құландайын
шөл кешіп, құдық қазып
инемен,

Түйін
түйіп ағаштан, түйе жасап түймеден,

Қазақстан ырысы - Қарсақпайдың мырышын

Кім деп
елің,

Сен емей,

Саз
балшықтай илеген!

Әлдекімдер қанденше үре шығып іргеден,

Кездерде
де қалың ел қадіріңді білмеген,

Ұлылықтың
алдында ұлықтың да дәрменсіз

Болатынын,

Сен емей,

Дәлелдеген
кім деп ең!?

Мүмкін емес салмағын салыстыру басқамен,

Ақыл ойдың
сарқылмас алтын күмбез аспаны ең.

Көріп едің жеті қат жер астымен тілдесіп,

Сеніп едің
ертеңге, беріп едің тасқа дем.

Жайламауы үшін де жайылмалы дерт ішін,

Қыртыс-қырын ақтарып,

Түгендедің
жер түсін.

Сарқылмайды байлығы Атырау мен Алтайдың,

Тартылмайды
дейтін ең Еділің де, Ертісің.

Қарын бөле қулықпен, сұмдығыңмен сыбайлас,

"Қайраткер" де кезікті,

Қоян
жүрек,

Құмай бас,

Қанышың не оларға,

Намысың
не, Ағатай,

Қар жауса
да,

Аспаннан
қан жауса да мұңаймас.

Солар жапқан жала да болып па еді өрттең кем

Саусақтарың
қарысып,

Ызалы күй
шерткеннен,

Ел болсын деп қазағым, тең болсын деп басқамен

Кім деп едің,

Сен емей,

Түн ұйқысын төрт бөлген!

Көзден бұлбұл ұшты да өтті-кетті ол бір шақ,

Тойынбады,
толмады қанағатсыз қол-құрсақ,

Кемеңгерім, Сен
бізді кешірмей де қайтерсің,

Ілесе алмай ізіңе
орта жолда болдырсақ...

Соры қалың халқыңа соның бірі болмаса ем,

Толып-өсіп

Несіне
өліп-өштің онда сен!

Залымына ғалымын жаутандатқан елі де

Мимыт өмір
баяғы,

Мыйсыз
тірлік сол бәсең!   

Айтпадың не, айттың не,

Біреуіне
өтпей тіл,    

Теріс
жорып жүре ме мұнымды да көп
бейпіл

...Академик дегенің осы күні иттен көп,

Иттен көптің ішінде...

Бір Сәтпаев жетпей тұр!