ВЕРНУТЬСЯ

      Бой салып баяғыдай серілікке,

жүргем жоқ ерігіп те, желігіп те,

тапқаным аз да болар ой қуғаннан,

әйтеуір, той-думаннан мені күтпе.

Тірліктің (қойылмаған нүктелері),

парызын мойнымызға жүктегелі,

құр қалдым
дей алмаспын құрметтен де,

ендігі дүрмектен де күтпе мені.

Тойдан той,

күні кеше,

туындатып,

көрдік қой шуылдатып, дуылдатып,

араға адуынды жылдар салып,

бара ма би де қалып, буын қатып.

Хал-күйін қадірлінің сұрастырып,

жүріп ек тойды тойға ұластырып,

Күндер-ай,

шығарып can,

қарсы алысқан,

қаймықпай қарсы ағыстан,

құлашты ұрып,

Барлығын,

барлығын да тастап енді,

ақының жайламақшы басқа бедді,

өйткені,

елге жырын жоқтатарлық,

ақыл-ес тоқтатарлық жасқа келді!

25 қаңтар, 2006