ВЕРНУТЬСЯ

        Көмейіңе кептеле қап сұраулы үн,

әр сөзіңнің астарында жүр-ау мұң,

соған көзі жете тұрып,

апыр-ай,

өп-өтірік өзеуреген мынау кім?

Алды-артына қарап алмай бір кезек,

қайсысы екен шыға келген тіл безеп?

Үргені аздай өмір атты итіңнің,

жүргені аздай миымызды күнде жеп!

Қарау ұлдың
қазығына ат байлап,

қайқы неме қоймады ғой қақпайлап.

Тосылып та қала берем, қайтейін,

мұндайларға
айтар уәж таппай қап!

Өзі біліп,

көзі күліп мұндайда,

айтар едің,

ақылынды тындай ма.

"Құйысқанға
қыстырыла берме!" -

сондайларға тыйым салар күн қайда?!

27 наурыз, 2006 жыл