ВЕРНУТЬСЯ

   1

   Сен - тойып кекіретін едің,

мен - тоңып секіретін едім.

Сен - алқына беретін едің.

мен - тартына көнетін едім.

Өр сөйлеп, өктемси
бердің,

мен - кері кеткенси бердім.

Сен, шырақ, әлі де кимелей бердің,

мен - шыдап,

бәріне үндемей көндім...

Сен - басына бердің,

Мен - ашына бердім.

2

Ақыры келіп шекістік,

біраз жерге кетістік.

3

Сенің сенгенің ептілігің еді,

Менің сенгенім - тектілігім еді.

Сен тамыр-таныстарыңа сендің,

Мен - бойымда намыс барына сендім.

Бұқтырам
дедің,

Бұқпадым.

Ықтырам дедің,

ықпадым.

Арамызды ашуды әлекпен бастадың,

Мен - әдептен аспадым.

Билігінді айтып белдене бердің,

Мен - әлдене бердім.

4

Сен - дәрежелі
"тағыңа" сендің,

Мен - бармақтай бағыма сендім.

Сен - алдап-арбайтыныңа сендің

Мен - жерде қалмайтыныма сендім.

Әлі де арбасып келесің,

Жаға, жеңіме
жармасып келесің.

Сен - тоғышар түсінігіңе сендің

Мен - кісілігіме сендім.

5

Сен - айлаңның барына сендің,

Мен - арыма сендім.

Сен - әкім едің.

Мен - ақын едім!

Кешегі келте мойын нән қарақшы,

сені де, қолдан келсе жалдамақшы,

жат жерде қайыр қылып,

қатарына ап,

нан беріп,

дәм ұсынып,..
алдамақшы.

Екі ұртын
ара-тұра бұлтындатып,

Алтынын
анадайдан жылтындатып,

Андиды
аңысынды, әр ісінді,

Итіне
салпаңқұлақ тың тыңдатып.

Қайыр ғып,

Қай бір тұста алдап, күліп,

Біржола
қатарына алмақ бұрып.

Соя ма одан әрі,
өзі біліп

Қоя ма от
жақтырып,

Мал
бақтырып.

Қулығын өзгелерден асыра ма,

Ұрлығын
сен арқылы жасыра ма,

Кесек ет
көмейіңнен бір өткесін

Болмасын
біледі ол да басың ада.

Қойнына боямалы бөзін тығып,

Қамқорсып
құрақ ұша өзі ұмтылып,

Сені де қарақшы етпек ойы бар ма,

Қоймай жүр

Көптен
бері көзін тігіп!