ВЕРНУТЬСЯ

        Күні кеше...

өрде ме, еңісте ме,

керіске де
жоламай,

теріске де,

қазанама сөзіндей таза ғана

кетіп едім айналып... періштеге!

Көктей ғана көк жүзін өтсем бе деп,

көкжиектің нұры
боп төксем бе деп,

Қалған дәурен қызығын армандаумен

періштенің бірі боп кетсем керек!...

Сол-ақ екен...

солғындап көктің әрі,

ұшудың да
құшудың кетті мәні.

Шапқылаған ағайын әрі-бері

тақты маған қайдағы жоқ кінәні!...

Бас қосатын қолымыз бос күндері,

сырт айналып байырғы достың көбі,

Қылығым да ұнамай,

жұлығым
да,

тұнығын да
кешегі кештірмеді!

Көздерінің тұратын
сұғын қадап,

қыз-келіншек жөнелді қырын қарап,

"Періштеден не үміт, не қайыр!" - деп,

ойлады ма, кім білсін, бұрыннан-ақ!

Сол баяғы еңсеммен

шынардай тік,

есеңгіреп тұрдым
да

ұға алмай
түк,

ұштым
желге,

қайтадан түстім жерге,

іштей ғана
күбірлеп, дұғамды айтып.

Жүгендесім, өзіңнен бүгем несін,

жібермейді екен ғой - жібермесің!

Қайдан ғана білгенсің

періштенің

ниетінен бүгінгі түк өнбесін!...

Жерде
мекен қалдырмай, көкте мекен,

қай сұмырай
қадірін шектеді екен? -

Өзің куат бермесең,

о, Құдірет,

періштенің күні өтіп кеткен екен!...

Көз жасына
біресе беріп ерік,

жақсыларым кашады мені көріп.

... Періштелік дегенді қоя тұрып,

жақсы ма еді кеткенім пері болып!...

26 наурыз, 2006 жыл