ВЕРНУТЬСЯ

      Көптен бері
екеуіміз аң атпаймыз,

Өмірдегі
жоқ-барды сабақтаймыз.

Ағалардың именіп
айбатынан,

Сәлем бергіш
ініні мадақтаймыз.

Мықтылығыңның
оғы жоқ, мылтығың бар,

Сезім қуып
сергиік, жүр, тұрыңдар.

Көше білмей сырыңды қала берсін,

Кешегідей әрнеге
ынтығыңдар.

Қамын жедің, ол
дұрыс, боталардың,

Шын ұмыт па алыстан от алар күн.

Отырғанда не ұттың үйден шықпай,

Үй күшігі дейтұғын атақ алдың.

Сергектеу жүр,
ойға да онша батпа,

Мал өледі,
мәпелеп қанша бақпа.

Анда-санда келіп
қайт Алматыға,

Қолыңды соз мен
берген от шарапқа.

Жатқамыз жоқ
бәйгеге ат жүгіртіп,

Көргеміз жоқ
біреудің көңілін жыртып.

Маған келсең,

өткен күн
оянады,

Екеуімізді нұрымен тағы жылтып.

Бармай қойсаң,
мелшиіп түз де өкпелер,

Ізгі ағалар
азайды, ізгі әпкелер.

Сені күтіп жүрем
мен,

басқа мені

Болмаған соң
ешкімім іздеп келер.

Көз күлімдеп,
қызарсын гүлденіп бет,

Азайдық қой,
бәріне үлгеріп кет.

Сыбағанды
дайындап отырайын,

Ең болмаса
айында бір келіп кет.

Тұмашың да қолына ту алады,

Жаман ойды
басынан қуалады.

Бес жыл өзің
оқыған жан Алматың

Сен келгенде
біртүрлі қуанады....