ВЕРНУТЬСЯ

     Теңіз де жиі
ойланып,

Атады көкке
көбігін.

Астында жатқан
айналып

Естисің кейде
жер үнін.

Аспан да ойға
батқандай

Алады демін
күрілдеп.

Өлеңін жазып
жатқандай

Тұрады таулар күбірлеп.

Еседі жел де
дамылсыз,

Жатпайды қарап
ол тыныш.

Толқынсыз,
ойсыз, жалынсыз

Тоқтап бір
қалсаң - қорқыныш.