ВЕРНУТЬСЯ

Басы Хиуада, денесі Маңғыстауда жерленген,         Тиген жеріндегі өзі аттас қойымдықтағы Құлбарақ батырқабірі үстіне ұрпақтары дулыға-мүсін, күмбез көтерді. Осынау өлең сол ескерткіштің салынып біту салтанатында оқылған еді. Аңызға айналған әулием, баба Құлбарақ,Ойға батамын, қабірге қаламын қарап.Қақпанын құрып қаскөйлік, қансырап қалған,Көз алдымнан өтеді дала сырғанап. Ұрандап тұрған ерлікке, ұлы дабылдан,Кеудемнен менің сел болып жырым ағылған.Қиылып түскен басыңның құдірет-күші,Қуанған жаудың күлкісін күмірә қылған! Нар ұлдарының, жұртым-ай, нарқын жаңа ұққан,Алтын Жебесін жоғалтып, халқым қамыққан.Даламнан шыққан Дарабоз, батыр-әулием,Дәуірлер бойы ұрпақты даңқың табынтқан.Ілгері күнге ұлықтап ұлығат ісін,Ақ маржан мынау күмбезді, шын ұға, түсін.Ездіктің емес, ерліктің еншісі етіп,Сондықтан мұнда салынған дулыға-мүсін. Қазағымның кигізер ұлына берен,Киелі мүлкі батырдың дулыға деген.Өртеңге шыққан өркеннің өксігі сынды,Өрт болып менің кеудемде булығады өлең! Тізгінді талай ұстағам, топта сыналып,Шабыт-тұлпардың жібердім ноқтасын алып.Нағашыма арнап, толғана жыр оқып тұрмын,«Жиен  - ел болмас» дегенді жоққа шығарып. Мәртебе етіп, халқыңа махаббатыңды,Жатырмыз міне дұға оқып, атап атыңды.Ұрпақтарыңа қашанда, Құлбарақ-Ата,Тигізе берші, мейірім-шапағатыңды!