ВЕРНУТЬСЯ

Қайран менің, қазына – күндерім-ай,Біз де жүре бермеспіз, бірге бұлай.Қобыз сынды кеудемнің қылын шертіп,Жай таптырмай жаныма жүргенін-ай! Көңіл шіркін шапқан күн Құлагердей,Шаттанған жоқ ешкім де мына мендей!Тарттырмастан тізгінін ол да кетті,Жарқыл қағып жанарда тұра бермей... Жоқты мұңға түсіріп, байды сынға,Күндер, күндер – тосады қайғысын да.Кім кетпеді, бір қайран қыла алмастан,Ақкөз ажал сілтеген найза ұшында!?Күндер есте, елітіп, есімді алған,Асау аттай жалт берер, есіл жалған!О, күндер-ай, ғасырлар қойнауында,Керуендей тізіліп көшің қалған... Кей күнімді ойға алып, күмілжимін,Жеңілдетіп алыппын жүгін мидың.Қамсыздықтан қарымта қайтармаққа –Күбірлеймін, басталып бүгін күйбің. Сана сотым әр күнді сараламақ,Сараламақ... тергемек, қараламақ.Өткен күнді отырам, оңашада,Таспиықтың тасындай санамалап...