ВЕРНУТЬСЯ

Құртқашаш көрсем, тегі, мен,Қаламын ғажап күй кешіп.Атауы қызға телінген,Тұрады-ау әндей үйлесіп. Жарытам, шөптен не біліп?Жалт етті бір ой жасындай:Өскені қызық, төгіліп,Сабағы – қыздың шашындай. Баладай, үнсіз бағындым,Сезім-ай селдей тасыған!Шөп емес, айдай арудың,Сипағандаймын шашынан... Жанымды, мынау даламда,Бесіктей тербеп тұр арман.Елестеп кетті-ау жанарға,Құртқадай сұлу, бұралған!..