ВЕРНУТЬСЯ

Қымбатсың маған, Ақкетiк,Сымбатсың маған, Ақкетiк!Бекiренiң сорпасын бергеннен емес тәттi етiп.Емес және Толстов торыққаны үшiн де,Тастай қашап алтынынТобанияз бабамнан қорыққаны үшiн де.Емес және бекiнiс-қамалдығың үшiн де,150 жыл жасаған амандығың үшiн де.Қымбатсың маған, Ақкетiк,Сымбатсың маған, Ақкетiк,Жатқандықтан өзiңде “Қырық батыр” – қазынам,Жаратылған әрiде Сыпыра жырау сазынан –Жеткендiктен баз қалпы сол қазынам – бұрынғым,Зердесiмен сақталыпАбыл, Ақтан, Қашаған,Нұрым және Мұрынның.Қымбатсың маған, Ақкетiк,Сымбатсың маған, Ақкетiк!Түрмеде жатып Ер Досан жасымағандығынан,Бас имес дәстүр рухпен халқын асырағандығынан.Азаттық туы өзiңде бiрнеше рет көтерiлгендiгiнен,Кемелер жүзiп теңiзде ерлiктiң оты өрiлгендiгiнен.Қымбатсың маған, Ақкетiк,Сымбатсың маған, Ақкетiк!Тасыңа Қайып-Ақбөбек көз жасы тамғандары үшiн,Өртене сүйген бiр-бiрiн армандар үшiн.Бейкүнә тұтқын Тарастың тарыққаны үшiн,Днепрiн еске алып қамыққаны үшiн.Қымбатсың маған, Ақкетiк,Сымбатсың маған, Ақкетiк!“Бар жалынымды арнадым Жерұйық үшiн”, -деп түсiнген Ұлдарың –Мыңбаев үшiн,Жұбаев,Оңалбаев, Әлиев үшiн.Ресей, Украин елiне тiке шығатындықтан,Достықтың құнын ұғатындықтан.Толқында туып, қиынға талай көндiккен,Түрiкпенiң де,Орысың даҚазақша таза сөйлегендiктен.Қымбатсың маған, Ақкетiк,Сымбатсың маған, Ақкетiк!Мұражай мекен –Тарихым менен шежiрем,Сыр ұққан талай Ботакөз* қыздың көзiненО, Ақкетiк, Ақкетiк,Дарысын саған бақ-несiп!_______________________*Ботакөз – Т. Шевченконың “Қазақтың қызы - Катя” атты суретiнiң кейiпкерi. Қазақстанның алғашқы басшыларының бiрi – Жалау Мыңбаевтың әжесi.