ВЕРНУТЬСЯ

        Ең сұлу қыз, ең
және ақылды қыз,

Кеудесінде
Жазкемнің алтын жұлдыз.

Ол оқыған бір
ВУЗ-да әкесі де,

Шешесі де -
бөріміз оқып жүрміз.

Келетін қыз бір
жаңа жағаны ашып.

Бара жатыр
алыстап ара қашық.

Оның қабағы
ашықта папасының,

Мамасының
әрдайым қабағы ашық.

Оның айтқан
сөзіне иланамыз.

Ол жиналған бір
жаққа жиналамыз.

Ләйла күлсе,
күлеміз бәріміз де,

Ал Ләйламыз
қиналса, қиналамыз.

Бірге оқимыз
онымен оқуды біз,

Біз оның
көшірмесі секілдіміз.

Ол өзі бір жерде
жоқ, аспанда жоқ,

Тек бізде бар
жалғыз қыз, ақылды қыз.

Ол - алтын қыз,
гауһар қыз, бриллиант қыз,

Күнін шығар сол
қыздың, таңын атқыз.

Жаратушым, қай
жерге барам десе ол,

Емтихансыз сол
жерге қабылдатқыз.

Бір жақсы қыз -
осы қыз Ләйла деген,

Жұмысы жоқ қулықпен, айламенен.

Ол туралы егер
де жазар болса,

Құйылады қағазға қайран өлең.

Болсын солай
қазақтың әрбір қызы,

Аспаныңнан
кетпесін бақ жұлдызы.

Менің Қымқап
анамның жақсы көрген

Жазира атты
қызының жалғыз қызы.

Нұрлы, жырлы алаптай жатқан күзгі,

Ол өзіне
біздерді мақтанғызды.

Қалай жақсы
көрмейсің

Күлтәй дейтін

Апасына айнымай
тартқан қызды!

Күн шығарды
көңілімен, ай батқызды,

Өзі жайлы өзгеге
ойлатқызды.

Қалай жақсы көрмейсің,

сүйіп сені,

Есіркейтін
көзімен әйбат қызды!