ВЕРНУТЬСЯ

Шіркін, әсем май таңы-ай,Гүлге оранған, әне қыр.Көктем сайын қайталай,Жасау құрар дала бұл.Жарқыраған самала,Өнері мол біз күткен.Қалаға емес, далаға,Құмартады қыз біткен.Татып алма аузыңа,Ішімдіктен қаш мейлі.Қызыққан гүл қауызына,Бір сеніБәрібір жұрт мас дейді,Мас дейді.                       ***Жүріп келем шыңдарым көп аспаған,Сапарым бар ұзақ жолға бастаған,Қол бұлғаған асқақ ән.Қырандарша самғап биік түлегім,Келген әсте ұл едім,Кең дүние, есігіңді аш маған.Бұла күші бұлшық етте ойнаған,Қызығыңа, шаттығыңа тоймаған.Жаңа бүршік жарған Гүлің болар ем,Құпияңа құштар едім, алаң ем,Кең дүние, құшағыңды жай маған.Шығам соған, шыңдарым көп аспаған,Жігерім бар ұзақ жолға бастаған.Кең дүние, саған кінә тақпайтынАқ бетіңе қара күйе жақпайтын,Сапарымда адал жанды дос табам.