ВЕРНУТЬСЯ

Тобын құрып, туын тігіп сан қауым,Өршіткенде дұшпандардың айтағын.Амандықпен атсын дедім әр таңың,Қайран жұртым, Қазақ елі-байтағым!Анашымның әлдиінен есіткен,Ақ сүтімен қанға сіңген бесіктенСендік тілдің әр қадамын дәт тұтып,Бірге онымен келемін мұң кешіп мен.Қысқан кезде замананың құрсауы,Ақыл-ойдың керек кемел шырқауы.Кезің келді елдігіңді ойлайтын,Бөрі байрақ ер түркінің ұрпағы.Кезің келді, бағытыңды оң ұстан,Қайсарлықты қару ғып ал, намыстан,Бүгінгідей жадау күйден арылып,Қазақстан болсын десең Бақстан!Жайыңды ойлап, өзімді-өзім қажадым,Сен мұңайсаң, төмен түсті назарым.Бақытым сол – сенің айдай ажарың,Жаса, мәңгі, туған халқым, қазағым!                                     10.05.1993ж