ВЕРНУТЬСЯ

        Сезімнің өзіндейсің Сен бір тұнған,

бұлақтың
көзіндейсің мөлдір тұрған,

келесің пейіліңмен байлап-матап,

шығармай маған деген елді ырқыңнан!

Бәз-базда билік маған тигенімен,

өзіде байланысты үйдегі дем! -

Артылмай жүрмін деп те ойламайсың,

от басы, ошақ қасы
күйбеңінен.

Бұл күнде

берісі - інім,

әрісі - ағам, -

қарап тұр
осы әулеттің бәрі саған.

Төрт жаққа тарап кеткен төрт тармағы

төрінде қиюласа қалысады ән!...

Тірліктің тауқыметі қажап иық,

көрмеген еңсесін де азабы иіп,

Тәңірдің байламы деп білем Сені,

жанымның жайлауы деп... таза, биік!

22 наурыз, 2006 жыл