ВЕРНУТЬСЯ

“Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай,Жыр жаза алмай жүрмін менРасулдай.Расулдай...Бағым да жүр ашылмай,Құсбегінің қолында лашындай...”Деуші едіңіз,Биігіңді биікпен өлшедіңіз,Жақұттай жыр жаздыңыз,Төбеңізден түнеріпТөнсе де күз.Фәниде Расулдай...Болмадыңыз... болдырмады,Бұралаңы көп еді жолдыңдағы.Шуақ іздеп Адамнан шарқ ұрдыңыз,Шуақтың да артында болды ызғары...Жазбадыңыз жырларды ермек үшін,Жаздыңыз топастыққа көнбеу үшін,Санадағы нұр – сәуле сөнбеу үшін,Жүректерді жаралы емдеу үшін...Әрбір жырыПара-пар шын асылға,Мұқа!Сізді теңгермен Расулға,Дүниеде қазақ бардаСіз де барсыз,Бір ғасырдан жетесіз бір ғасырға! 06.06.2007.