ВЕРНУТЬСЯ

    (Болған оқиға)Кең далада көсілген,Жортқан жалғыз аттылы...Бейне, айдын төсінен,Көргендейсің қалтқыны. Шақша түбі қағылған,Таусып бітті төзімді.Басы зеңіп сағымнан,Атын тұсап көз ілді. Жауынгердей-сойы – алып,Қажып келген ұрыстан.Кетті сосын оянып,Дүсірлеген дыбыстан. Бұрып бұған ат басын,Түсіп жатты бір мықты.Шығарғанда шақшасын,Бұл қол соза тұрды ытқып. -Төлер болсаң ақыңды,Басасың жан наласын.Астыңдағы атыңды,Берсең ғана аласың!«Болсын!» деді, жігітің,Жайбарақат күйінде.Жапан түзді ұмытып,Отырғандай үйінде. Көңілі – көл, дария,Жігіт қалды шаттанып.Жүре берді қария,Жетегіне атты алып. «Бармағын бір тістесін,Жаяулығын ұғынып»,-Деп, бел асып түскесін,Қарады артқа бұғынып: Атып қойып құныға,Насыбайдан хал жиып.Жан-жағы төрт құбыла,Жатыр екен шалжиып... Осы-ақ болар, білсе кім,Темекінің татымын.Насыбайға бір шөкім,Атын берген батырың!-«Атыңды ал,Жарайды,Әй, жігітім, мәрттігің!Сынап едім талайды,Қалжыңдаған қартты ұғын. Сынап алар, жол мынау,Аяр менен ар құлын.Мен өзіңнен көрдім-ау,Қазағымның нарлығын!» Ырзалығын білдірді,Ойын солай тәмамдап.Сапарласын күлдірді,Сөзде тұрған табандап. Алты қырдан ән асып,Тербегендей Қошақты*.Қоңырқаздай жарасып,Бара жатты қос атты...___________________________*Қошақ – тау атауы.                           ***Айтшы  жаным, кездестім мен кімменен?!Жанарыңда жас неге мөлтілдеген?Жүрегім-ай, бұлқындың неге бұлай,Сырды қозғап көп жылдар шертілмеген... Сөзің қайда, «бақытым сенсің» деген,Сезім қайда, шалғындай желкілдеген.Қаласың-ау тұнжырап, наласың-ауШарт сынды деп болаттай сертім неден? Қайда кеткен сендегі лала көрік,Қажыдың ба, мені еске ала беріп.Көңілімнің көгінде күн шыққандай,Өкпе-назым ақ қардай барады еріп... Өзге жанды бақытқа бөледің де,Кеткен едің, демеспін, керегің не.Мәңгіге елес, жастағы шақты іздеймін,Әңгіме емес, бастағы желегің де. Бірде шат боп алаулап жанғандаймын,Бірде жат боп, жабырқап қалғандаймын.Аяулым-ау, қасымда тұрып өзің,Неге мұнша толғанам, армандаймын?!