ВЕРНУТЬСЯ

          Шықты ол, түні
бойы безек қағып,

Жан кешіп
баратқандай, өзек талып,

Кейде ышқына
тынысын жиілетсе,

Кейде баяу алады
тежеп барып.

Кейде беті
қызарып жалын оттай,

Кейде сұп-сұр
бола ғап қаны жоқтай,

Жан тамыры кей
кезде аттай тулап,

Бәсен, тарта
қалады кейде соқпай.

Кейде қасқыр
талаған құлындай боп,

Дауысы құлағыма
шыңылдай кеп

Тиген кезде, миы
су болған жандай

Бас айналып
кетеді, дыңылдай кеп...

Дүниеге адам
келу неткен азап!..

Сонша ауыр
азапқа шыдау ғажап!..

Бірақ жеңге,
шешелер бойы үйренген,

Кейісем-ақ етеді
мені мазақ,

Оларша, бұл
сырқаттың, аты «ұмытшақ»,

«Келін де
ұмытады, біз ұмытсақ»,-

Деп күлісіп,
пісіріп «жарысқазан»2,

Кіндіккесер
жабдығын жүр дұрыстап.

«Толғағы қатты
болды неге мұнша?..»-

Десең, берер
жауабы: «Жас қой тұмса!..»

Қиуасыз бір
жеңге әзілдейді.

«Болады толғақ
қатты,- деп,- ұл боп туса»

Осылай азаппенен
таң да атты.

Толғақ та
безектетіп жиілатты

«Талықсығын
тұмсаны «марту»1 басар»,

Деп бір кемпір
қазанды қаңғырлатты!..

Бір кемпір басты
«тәңірім, қинатпаға!»,

Біреулері сиынды
Бибатпаға2,

Маған жер-көк
сілкініп, сатыр-күтір

Жатқандай боп
сезілді қирап дала!..

Дала кең, бірақ,
онда пана жер жоқ,

Жәрдем беріп жан
сақтар дәрігер жоқ!..

Қалжың ғып әйелдерден,
барлық білген

Жәрдемін жасап
жатыр әбігер боп...

Маңдайдан тер
сорғалап ағып кетті...

Көз қарайып,
жүрек те талып кетті...

Сол кезде
«шүйіншілеп» дуылдаған

Көп дауыс үйдің
ішін алып кетті!..

Дем берді
жүрегіме осы дауыс...

«Уа, қайным, бұл
ес ауу - неткен ауыс?!

Уа, шүйінші, ат
ұстар!»3-деген кезде,

Денеге қайта
оралды бойда бар күш.

Сап етті
құлағыма сонда «іңгә...»

Қуанып ол
дауысқа, «Мәкем тың ба?»-

Дегендей жалт
қарасам, есіктен күн

Сығалап, бөлей
ғапты бетін нұрға!..

Жұлдыздай жана
ғапты көздері де,

Ширығып пыси ғапты
сөздері де!..

«Есіңді жина,
қорықпа» дейді ақырын,

Онысы
хал-жайымды сезгені де.

«Қарны ақ
түйенің жарылды»4 деп,

Жеңгелер түйебас
қып жабылды кеп...

Оянып бүкіл ауыл
«шүйіншіге!»

Жан-жақтан біздің
үйге ағылды кеп.

Бәрі де «құтты
болсын» айтты шулап,

Кеудеге сыймай
жүрек кетті тулап!..

Ытқыған
қуаныштың, ыстық қаны

Жүйелеп бар
тамырды кетті қулап.

Елжіреп мас боп
кеттім қуанышқа,

Әрең деп көпке
еріп шықтым тысқа,

«Куаныш құтты
болсын!» дегендей-ақ,

Шу ете қалды
көлде барлық құс та,

Алдымнан бір
самал жел есе қалды,

Бір қоңыр бұлт
сіркіреп көше қалды.

Гүл аралас
жайқалған жасыл шалғын

«Қуаныш ұзақ
болсын!» десе қалды.

Шаттықтан
білмедім не етерімді...

Не сыймен бұл
құрметті өтерімді...

Әлемге қуанышты
жарламақ боп,

Әнекей, нұрлы
күн де көтерілді!..

1927